Прагада ұмыт болған әйгілі совет танкісінің тарихы
![Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев Прагадағы мерекелік іс-шараға келіп жетті. Ақсақал 65 жыл бойы лейтенант Гончаренконың Прагада қалған әйгілі танкісін көруді армандап келген. Ардагер Праганы азат етуге қатысқан. Оның майдандасы лейтенант Гончаренко дәл сол 1945 жылғы мамырдың 9-ы күні болған ұрыста қаза тапқан.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/72c54354-f145-4c73-8004-33956586693b_w1024_q10_s.jpg)
1
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев Прагадағы мерекелік іс-шараға келіп жетті. Ақсақал 65 жыл бойы лейтенант Гончаренконың Прагада қалған әйгілі танкісін көруді армандап келген. Ардагер Праганы азат етуге қатысқан. Оның майдандасы лейтенант Гончаренко дәл сол 1945 жылғы мамырдың 9-ы күні болған ұрыста қаза тапқан.
![Лейтенант Иван Гончаренконың "Т-34" моделді танкі 1945 жылғы мамырдың 9-ындағы Праганы азат ету ұрысынан соң. Танктің борт нөмірі совет идеологтары айтқандай 23 емес, 24 болған екен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1ae25a5c-d04f-477f-9ea4-969755413f7c_w1024_q10_s.jpg)
2
Лейтенант Иван Гончаренконың "Т-34" моделді танкі 1945 жылғы мамырдың 9-ындағы Праганы азат ету ұрысынан соң. Танктің борт нөмірі совет идеологтары айтқандай 23 емес, 24 болған екен.
![Лейтенант Иван Гончаренко мінген танк Праганы азат еткен ұрыстан соң біраз зақымданып қалды. 9 мамыр 1945 ж.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/362ebe04-6fa8-4e0b-b9cc-89ce33711c93_w1024_q10_s.jpg)
3
Лейтенант Иван Гончаренко мінген танк Праганы азат еткен ұрыстан соң біраз зақымданып қалды. 9 мамыр 1945 ж.
![Прагада совет танкистеріне ескерткіш қойылып жатыр. 29 шілді 1945 ж. Тұғырға мүлдем басқа танк қойылып, "лейтенант Гончаренко мінген машина - осы" деп жариялады советтік үгіт-насихат шеберлері.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a0bc8429-5a27-421f-acd6-3cc211b6060a_w1024_q10_s.jpg)
4
Прагада совет танкистеріне ескерткіш қойылып жатыр. 29 шілді 1945 ж. Тұғырға мүлдем басқа танк қойылып, "лейтенант Гончаренко мінген машина - осы" деп жариялады советтік үгіт-насихат шеберлері.
![Прагадағы совет танкистерінің ескерткіші. Тұғырда "ИС-2" модельді, 24-ші нөмірлі мүлдем басқа техника тұрғаны анық байқалады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/935fb382-b009-41ff-8f27-d3e4660c56a3_w1024_q10_s.jpg)
5
Прагадағы совет танкистерінің ескерткіші. Тұғырда "ИС-2" модельді, 24-ші нөмірлі мүлдем басқа техника тұрғаны анық байқалады.
![Совет танкистерінің ескерткіші сұйық қызыл түске боялып, советтік миф сейілген күн. Прага, 28 сәуір 1991 ж.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b6e2620b-c8fc-4ca5-aefb-70b19513de91_w1024_q10_s.jpg)
6
Совет танкистерінің ескерткіші сұйық қызыл түске боялып, советтік миф сейілген күн. Прага, 28 сәуір 1991 ж.
![Совет танкісіне қойылған ескерткішті мазақтайтын сиыр мүсіні. Прага, 2004 жылдың жазы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/baecffb7-4bc1-4352-8eb8-00c19fe697af_w1024_q10_s.jpg)
7
Совет танкісіне қойылған ескерткішті мазақтайтын сиыр мүсіні. Прага, 2004 жылдың жазы.
![Совет танкісі тақырыбы бойынша жасалған артефакт. Прага, 21 тамыз 2008 ж.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b06fbbf4-fe33-41ae-a62d-881b8ecd481b_w1024_q10_s.jpg)
8
Совет танкісі тақырыбы бойынша жасалған артефакт. Прага, 21 тамыз 2008 ж.
![Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2ad3cabd-10d1-4024-9fec-56c5dfb02bb8_w1024_q10_s.jpg)
9
Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.
![Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/28412491-6f3c-41bf-8695-045825769ae5_w1024_q10_s.jpg)
10
Алқызыл түсті әлеміш совет танкі Прага түбіндегі Лешаны ауылында тұрған Әскери-техникалық мұражайға апарып тасталды.
![Қазақстан делегациясы Ольшанка зиратында совет жауынгерлерінің қабіріне тағзым етті. Ортада тұрған - соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев. Прага, 9 мамыр 2010 ж. Ақсақал танкіні көре алмаған күйі кері қайтты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/51761c83-4b69-4da7-b12d-fed0d5731e06_w1024_q10_s.jpg)
11
Қазақстан делегациясы Ольшанка зиратында совет жауынгерлерінің қабіріне тағзым етті. Ортада тұрған - соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев. Прага, 9 мамыр 2010 ж. Ақсақал танкіні көре алмаған күйі кері қайтты.