Ресей 2014 жылы Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиадаға дайындалып жатыр. Ал суретші Василий Слонов осы дайындық пен жарнама науқанын әжуалаған сатиралық суреттер көрмесін ұйымдастырды. Ол суреттерде Ресейдегі қуғын-сүргін мен спорт көріністері қатар бейнеленген. Пермь қаласында өткен «Ақ түндер» атты мәдени фестивалге қойылған бұл көрмеге биліктің назары бірден түсті – фестиваль жабылды, шара өткен жер - Пермьдегі қазіргі заман өнері музейінің кураторы жұмыстан шығарылды. Жұмыстан босатудың себебі ретінде Слоновтың Сочи олимпиадасы символикасын дұрыс пайдаланбауы аталды.
Сочиге қош келдіңіз!
![Василий Слоновтың сатиралық постерлерін жұрт экраннан көрді. Суреттің бірінде Иосиф Сталин "олимпиада аюы" ретінде бейнеленген. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d5663f8f-da38-48bc-9b77-07cc5825b919_w1024_q10_s.jpg)
1
Василий Слоновтың сатиралық постерлерін жұрт экраннан көрді. Суреттің бірінде Иосиф Сталин "олимпиада аюы" ретінде бейнеленген.
![Мына бір постерлерде орыс мәдениетінің символдары - матрёшкалар мен Чебурашка қорқынышты түрде бейнеленген. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/867c9bc5-7ff3-45f4-96c5-6bd6a6cc2e29_w1024_q10_s.jpg)
2
Мына бір постерлерде орыс мәдениетінің символдары - матрёшкалар мен Чебурашка қорқынышты түрде бейнеленген.
![Василий Слонов өзі салған "Сочиге қош келдіңіз!" атты суреттер сериясына қарап, күліп тұр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/4a103e56-57cc-44bc-b7c6-794c862c3bc3_w1024_q10_s.jpg)
3
Василий Слонов өзі салған "Сочиге қош келдіңіз!" атты суреттер сериясына қарап, күліп тұр.
![Зират басына қойылатын белгілер мен оларға кигізілген хоккейшілердің бас киімі. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c528254e-fc4f-44f8-833a-6e95b9c6b59e_w1024_q10_s.jpg)
4
Зират басына қойылатын белгілер мен оларға кигізілген хоккейшілердің бас киімі.
![Совет кезеңінің қорқынышты символына айналған жерлерді - Гулаг, Чернобыль, Сибирь, Лубянканы көрсетіп тұрған баған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8b82b462-b03d-44f2-838a-e6abd0847d79_w1024_q10_s.jpg)
5
Совет кезеңінің қорқынышты символына айналған жерлерді - Гулаг, Чернобыль, Сибирь, Лубянканы көрсетіп тұрған баған.
![Сочидің үстінен ұшып бара жатқан матрёшка-ұшақ. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b0bdbbdf-86ff-4952-99e7-d2f6a2c66920_w1024_q10_s.jpg)
6
Сочидің үстінен ұшып бара жатқан матрёшка-ұшақ.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/814fc7dd-fb95-4bae-a944-7fe09aefce3c_w1024_q10_s.jpg)
7