Қарашаның 23-і күні Алматыда чех суретшісі Вероника Кубикованың «Қалада», «Сәулет өнерінен шабыт алу» және «Байланыста» серияларына топтастырылған картиналар көрмесі ашылады. Постсоветтік Беларусь елінде де тұрған суретші шығармашылығының негізгі тақырыбы – урбанизацияға арналған.
Вероника Кубикованың сурет көрмесі
Алматыда отбасымен тұратын чех суретшісі Вероника Кубикованың картиналар көрмесі жақында осы қалада ашылмақ.
![Чех суретшісі Вероника Кубикованың бұл картинасы әлем елдеріндегі төрт астана – Прага, Париж, Лондон және Рим қалаларынан алған әсерін көрсетеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5b944607-4577-4d49-9444-aec9512f3ea4_w1024_q10_s.jpg)
1
Чех суретшісі Вероника Кубикованың бұл картинасы әлем елдеріндегі төрт астана – Прага, Париж, Лондон және Рим қалаларынан алған әсерін көрсетеді.
![Чех суретшісі Вероника Кубикова өз автопортреті жанында тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9753b8fc-3023-41bf-8cc3-95f18df199f6_w1024_q10_s.jpg)
2
Чех суретшісі Вероника Кубикова өз автопортреті жанында тұр.
![Вероника Кубикованың суретінде Беларусь ұлттық кітапханасы мәнерлеп қырланған тас, кристалл бейнесінде салынған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/eef08ceb-41f3-4e0d-9b00-5e007f6fe39e_w1024_q10_s.jpg)
3
Вероника Кубикованың суретінде Беларусь ұлттық кітапханасы мәнерлеп қырланған тас, кристалл бейнесінде салынған.
![Суретші «Өрмекші деген кім?» атты жұмысына қазіргі заманғы адамның интернетке, Google мен әлеуметтік желілерге тәуелділігін арқау еткен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9c3c8fae-bfee-4783-bc2e-5542a4dc3199_w1024_q10_s.jpg)
4
Суретші «Өрмекші деген кім?» атты жұмысына қазіргі заманғы адамның интернетке, Google мен әлеуметтік желілерге тәуелділігін арқау еткен.
![Алматылық суретші Валерий Картун штрих-код түрінде салынған «Қазақстан мен Чех республикасы арасындағы 136 айырмашылықты табыңыз» атты суретті тамашалап тұр. Бұл еңбегінде Вероника Кубикова осы штрих-кодтарды ажырату үшін қазір смартфондарға тәуелді болып отырғанымызды көрсеткісі келген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/052cb126-d0ab-4650-985e-d22ce1e92ae7_w1024_q10_s.jpg)
5
Алматылық суретші Валерий Картун штрих-код түрінде салынған «Қазақстан мен Чех республикасы арасындағы 136 айырмашылықты табыңыз» атты суретті тамашалап тұр. Бұл еңбегінде Вероника Кубикова осы штрих-кодтарды ажырату үшін қазір смартфондарға тәуелді болып отырғанымызды көрсеткісі келген.
![Вероника Кубикованың «Лабиринт» картинасы Минскінің шағын ауданындағы арасынан адам адасатындай біркелкі үйлерден алған әсерден дүниеге келген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ec4ce509-3924-438b-bcdb-9c6f8d575d5a_w1024_q10_s.jpg)
6
Вероника Кубикованың «Лабиринт» картинасы Минскінің шағын ауданындағы арасынан адам адасатындай біркелкі үйлерден алған әсерден дүниеге келген.
![Суретші әрі галерист Серік Бүксеков (ортада) Вероника Кубикованың шығармалары көрмесінде. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e3ae82a7-2027-4965-870b-a199cae6341c_w1024_q10_s.jpg)
7
Суретші әрі галерист Серік Бүксеков (ортада) Вероника Кубикованың шығармалары көрмесінде.
![Суретші Вероника Кубикова қазіргі заманғы жасөспірімнің құндылықтар жүйесін кірпіш және қағаздың көмегімен осылайша бейнелеген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/247a6085-74eb-4596-b6df-7c381c02215c_w1024_q10_s.jpg)
8
Суретші Вероника Кубикова қазіргі заманғы жасөспірімнің құндылықтар жүйесін кірпіш және қағаздың көмегімен осылайша бейнелеген.
![Суретші көрмесіндегі бұл орынға қандай шығарма қойылатыны әзірше құпия. Компьютердің жүктеліп жатқанын бейнелейтін мына суреттің орнына көрме жұмысының соңғы күні жаңа картина ілінбек.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3f64ae83-26a6-4287-b698-4bd15fca0734_w1024_q10_s.jpg)
9
Суретші көрмесіндегі бұл орынға қандай шығарма қойылатыны әзірше құпия. Компьютердің жүктеліп жатқанын бейнелейтін мына суреттің орнына көрме жұмысының соңғы күні жаңа картина ілінбек.