Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жек (реслинг) 1950-жылдардан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын ондаған әйел өз мықтылығын дәлелдеу үшін рингке шығады.
Жапониядағы әйелдер жекпе-жегі
![Жапон әйелдері биязы, ұяң деген стереотип қалыптасқан. Бірақ рингке шыққан әйелдерге мұның бәрін ұмытуға туралы келеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ef7988b6-bda0-46e6-8bd7-2d7267f627c6_w1024_q10_s.jpg)
1
Жапон әйелдері биязы, ұяң деген стереотип қалыптасқан. Бірақ рингке шыққан әйелдерге мұның бәрін ұмытуға туралы келеді.
![«Олар өмірінің бұл қыры туралы айтпауға тырысады. Мен ондай қыздарды көп кездестірдім. Әдетте өздерін биязы, ұяң ұстайтын олар рингке шықса болды, кенеттен өзгеріп шыға келеді» , – дейді реслер Крис «Вульф».](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/899d15c7-9db9-4e07-bb2d-cb852a5485c0_w1024_q10_s.jpg)
2
«Олар өмірінің бұл қыры туралы айтпауға тырысады. Мен ондай қыздарды көп кездестірдім. Әдетте өздерін биязы, ұяң ұстайтын олар рингке шықса болды, кенеттен өзгеріп шыға келеді» , – дейді реслер Крис «Вульф».
![Көрермен қызыға тамашалайтын әрбір шоу қыздардың жаттығу кезінде төккен тері мен қажырлы еңбегінен...](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ac3b2709-7362-4b5e-b80b-7b0cdeb0de04_w1024_q10_s.jpg)
3
Көрермен қызыға тамашалайтын әрбір шоу қыздардың жаттығу кезінде төккен тері мен қажырлы еңбегінен...
![... және алған жарақаттарынан тұрады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/86a5f2a7-34b2-436a-8d87-c9787641507c_w1024_q10_s.jpg)
4
... және алған жарақаттарынан тұрады.
![Жапониядағы реслингтің ұлттық мәдениеттен сыр шертетін ерекше ережелері бар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3bfd30fc-1277-4787-8470-bff688d6c9f1_w1024_q10_s.jpg)
5
Жапониядағы реслингтің ұлттық мәдениеттен сыр шертетін ерекше ережелері бар.
![Мысалы, жасы үлкен қарсыластың көзіне тура қарауға немесе жарыс алаңынан олардан бұрын кетуге болмайды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/53b4f39d-631f-4f47-afd9-190c890f0939_w1024_q10_s.jpg)
6
Мысалы, жасы үлкен қарсыластың көзіне тура қарауға немесе жарыс алаңынан олардан бұрын кетуге болмайды.
![Мәдени ерекшеліктерге байланысты Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекте салмақ дәрежесі бойынша жіктеу деген жоқ.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e61ca90b-3d1e-4546-ad29-b92a1c2a7dfe_w1024_q10_s.jpg)
7
Мәдени ерекшеліктерге байланысты Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекте салмақ дәрежесі бойынша жіктеу деген жоқ.
![Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекке түсіп жүргендерге төленетін ақша, спорттық өлшеммен алғанда, онша көп емес.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3047ce8f-e071-4079-aa58-dddf8ac28aec_w1024_q10_s.jpg)
8
Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекке түсіп жүргендерге төленетін ақша, спорттық өлшеммен алғанда, онша көп емес.
![Жекпе-жекке шығатын әйелдер аптасына орташа есеппен 250 доллар алады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ea0381f6-db9c-4eca-b6c9-11beb36e74ae_w1024_q10_s.jpg)
9
Жекпе-жекке шығатын әйелдер аптасына орташа есеппен 250 доллар алады.
![Жекпе-жектердің театрландырылған түрі мен көз тартатын киімдері арқасында оны қызықтайтындар қатары жылдан жылға көбейіп келеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/76e9317b-d99b-478f-ba17-1cf2fe63f073_w1024_q10_s.jpg)
10
Жекпе-жектердің театрландырылған түрі мен көз тартатын киімдері арқасында оны қызықтайтындар қатары жылдан жылға көбейіп келеді.