17 шілде күні таңертең "Құрылтайшы парламент" қозғалысының белсенділері Еревандағы полиция бөлімшесін басып алды. Олар ішінде Армения полициясы бастығының орынбасары Вартан Егиазарян, Ереван полициясы бастығының орынбасары Валерий Осипян бар алты адамды кепілге алған. Бірнеше кепіл тұтқынды олар дүйсенбі таңертең босатқан. Полиция бөлімін басып алғандар өткен айда түрмеге қамалған "Құрылтайшы парламент" қозғалысы лидері Жирайр Сефилян мен оның серіктерін босатуды талап еткен. Олар Сефилянды саяси тұтқын санайды. Басып алушылар мен қақтығысты бір полицей өлген, үшеуі жараланған. Бұл суреттер жарияланған кезде келіссөз әлі жүріп жатты.
Еревандағы кепілге тұтқын алу
!["Құрылтайшы парламент" қозғалысы белсенділері басып алған полиция бөлімі ғимараты жанында жүрген полиция қызметкерлері. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/40953acf-a687-47a1-943e-0466694f3ba2_w1024_q10_s.jpg)
1
"Құрылтайшы парламент" қозғалысы белсенділері басып алған полиция бөлімі ғимараты жанында жүрген полиция қызметкерлері.
![Полиция көліктері Ереванның Эребуни ауданы жолын жапқан сәт. Қарулы топ басып алған полиция бөлімшесі осы ауданды орналасқан. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/e19ba6d8-a1da-4002-85ee-95e89c191932_w1024_q10_s.jpg)
2
Полиция көліктері Ереванның Эребуни ауданы жолын жапқан сәт. Қарулы топ басып алған полиция бөлімшесі осы ауданды орналасқан.
![Полиция көліктері Ереванның Эребуни ауданына кіретін жолды жауып тұр. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/953ffae9-b154-4be9-abce-60c8fb772c47_w1024_q10_s.jpg)
3
Полиция көліктері Ереванның Эребуни ауданына кіретін жолды жауып тұр.
![Армения полициясы бастығының орынбасары Унан Погосян Ереван полициясы ғимаратының жанында журналистерге сұхбат беріп тұр. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/83fd7e35-719b-46c2-8c88-cebd28da9597_w1024_q10_s.jpg)
4
Армения полициясы бастығының орынбасары Унан Погосян Ереван полициясы ғимаратының жанында журналистерге сұхбат беріп тұр.
![Армения парламентінің оппозициялық депутаты Никол Пашинян қарулы топ басып алған полиция бөлімі ғимараты маңында журналистерге сұхбат беріп тұр.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/49544765-e700-4193-90f4-2daf6d3b2806_w1024_q10_s.jpg)
5
Армения парламентінің оппозициялық депутаты Никол Пашинян қарулы топ басып алған полиция бөлімі ғимараты маңында журналистерге сұхбат беріп тұр.
!["Құрылтайшы парламент" ұйымы белсенділері Еревандағы полиция бөліміне жексенбі таңертең шабуыл жасаған. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/35b1980a-832c-403e-9e1b-309499822452_w1024_q10_s.jpg)
6
"Құрылтайшы парламент" ұйымы белсенділері Еревандағы полиция бөліміне жексенбі таңертең шабуыл жасаған.
![17 шілде күні полиция оппозиция белсенділерін ұстады. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/6f2f4303-62fe-479c-8314-eb01683426ef_w1024_q10_s.jpg)
9
17 шілде күні полиция оппозиция белсенділерін ұстады.
ПІКІРЛЕР