Сирияда сәуірдің 4-і күні оппозициялық күштер бақылауындағы Хан-Шейхум қаласында 70-тен астам адам газдан уланып қаза тапқан. АҚШ пен өзге батыс елдері және халықаралық сарапшылар Башар Асад режимін газ шабуылын жасады деп айыптады. Дамаск үкімет әскері химиялық қару қолданғанын жоққа шығарып, оқиғаға әуе шабуылы барысында оппозицияның химиялық қару-жарақ қоры сақталған қойма жойылып, соның салдарынан бейбіт тұрғындар мерт болған деп мәлімдеген. Осы тұжырымды Мәскеу де айтып отыр.
Сириядағы химиялық газ құрбандары
![Улы газдан қаза тапқан баланың денесін көтеріп бара жатқан ер адам.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bb12fa61-9733-4843-a1d3-a1dcfb7fd330_w1024_q10_s.jpg)
1
Улы газдан қаза тапқан баланың денесін көтеріп бара жатқан ер адам.
![Улы зат тараған аймақтағы бұл шұңқыр әскери ұшақтан тасталған бомбаның орны болуы ықтимал.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1a678308-e809-45c5-a638-ea6a05075cde_w1024_q10_s.jpg)
2
Улы зат тараған аймақтағы бұл шұңқыр әскери ұшақтан тасталған бомбаның орны болуы ықтимал.
![Улы газдан зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсетіп жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e2e87279-8192-4a69-8fd4-f89269440b7b_w1024_q10_s.jpg)
3
Улы газдан зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсетіп жатыр.
![Газдан уланған балаға жәрдем көрсетіп жатқан дәрігер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fdc1ddcb-d9a1-41dd-abc2-91fdb9ed87c7_w1024_q10_s.jpg)
4
Газдан уланған балаға жәрдем көрсетіп жатқан дәрігер.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2ac7c62d-f3bd-456a-820f-8d4b5004fc58_w1024_q10_s.jpg)
5
![Химиялық газдан зардап шеккен ер адам.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9ab8e445-7010-4252-98be-5d1297a97dd2_w1024_q10_s.jpg)
6
Химиялық газдан зардап шеккен ер адам.
![Химиялық газдан уланған балалар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/565011e5-bebb-49bb-9b6c-e77a0910db9e_w1024_q10_s.jpg)
7
Химиялық газдан уланған балалар.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d7fbab66-4e80-45ad-9018-31f5305dcb38_w1024_q10_s.jpg)
8
![Идлиб провинциясында химиялық газдан жапа шеккен бала.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a400bb3b-b994-4329-92eb-e835f846216e_w1024_q10_s.jpg)
9
Идлиб провинциясында химиялық газдан жапа шеккен бала.
![Жараланған балаға жәрдем көрсетіп жатқан дәрігер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/389d0864-1d61-412a-8c7a-1bda1c57e446_w1024_q10_s.jpg)
10
Жараланған балаға жәрдем көрсетіп жатқан дәрігер.
![Улы газдан мерт болғандарды жерлеу.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a5d6bb63-6c83-419d-81bf-5a9bb5a858d3_w1024_q10_s.jpg)
11
Улы газдан мерт болғандарды жерлеу.
![БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Сирияда қаза тапқан балалардың суреттерін көрсетіп тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/98fb1240-bb7c-4df4-bead-1cc53303b7d3_w1024_q10_s.jpg)
12
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Сирияда қаза тапқан балалардың суреттерін көрсетіп тұр.
![Түркияның Стамбул қаласындағы Ресей елшілігі алдында өткен наразылық акциясы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/486d7ff9-0c91-4cac-beb0-3537fa0ef792_w1024_q10_s.jpg)
13
Түркияның Стамбул қаласындағы Ресей елшілігі алдында өткен наразылық акциясы.