Ақтөбе қаласы аумағына кіретін Махамбет аталатын шеткері ауданға 16 сәуір күні қар суы жайылған. Тұрғындардың айтуынша, "алғашқы күні көшелерде қайықпен жүру ғана мүмкін болған". 18 сәуір судың беті қайта бастады. Тұруға жарамсыз болып қалғандықтан, мұндағы үйлердің көбі бос тұр. Саман кірпіштен салынған кейбір баспаналар құлаған. Қабырғалары сыз тартып, құлағалы түрған үйлерге жақындау қауіпті. Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев шығынды арнайы комиссия есептейтінін айтты. Ақтөбе, 18 сәуір 2017 жыл.
Тасқын ойрандаған Ақтөбе
!["Кішкентай балалары мен құжаттарын қауіпсіз жерге көшіріп, өздері үй-жайларына алаңдаған" тұрғындар "түнімен ұйқы көрмегендерін, кемінде он шақты үй суға кеткенін" айтады. Ақтөбе, 18 сәуір 2017 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6c028d09-2452-4a63-8fd5-88d69d5f5106_w1024_q10_s.jpg)
26
"Кішкентай балалары мен құжаттарын қауіпсіз жерге көшіріп, өздері үй-жайларына алаңдаған" тұрғындар "түнімен ұйқы көрмегендерін, кемінде он шақты үй суға кеткенін" айтады. Ақтөбе, 18 сәуір 2017 жыл.