27 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7:30 шамасында Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. "Bek Air әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.
Алматыдағы ұшақ апаты
![Апат орнында жүрген құтқарушылар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fed824a4-a8ea-4479-955c-a2552cd32eff_w1024_q10_s.jpg)
1
Апат орнында жүрген құтқарушылар.
![Ұшақ құлаған маңда жүрген құтқарушылар мен полицей қызметкерлері. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c4f7365d-4211-42bf-8abb-78bebc40c8b5_w1024_q10_s.jpg)
2
Ұшақ құлаған маңда жүрген құтқарушылар мен полицей қызметкерлері.
![Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7cb8c8c2-5a21-4c1f-8dc6-7aaa35190bae_w1024_q10_s.jpg)
3
Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен.
![Азаттық тілшілері апат болған аумақты полиция қоршап тастағанын хабарлаған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dd499a71-4339-4256-bd3d-8d1f049a2912_w1024_q10_s.jpg)
4
Азаттық тілшілері апат болған аумақты полиция қоршап тастағанын хабарлаған.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/acbd0be3-1fef-4607-955c-83b885124166_w1024_q10_s.jpg)
5
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fa66d630-1fb3-49df-a038-78e06647063f_w1024_q10_s.jpg)
6
![.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/54a230d7-fc94-445e-b76a-cc5914de47da_w1024_q10_s.jpg)
7
.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6476939b-0988-4705-920d-74e12caca791_w1024_q10_s.jpg)
8
![Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 24 адам зардап шеккен. №1 Алматы облыстық ауруханаға жеткізілген алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр. №4 қалалық клиникалық ауруханаға 19 адам жеткізілген. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c548220-c804-45ac-9d64-fba455d0cd97_w1024_q10_s.jpg)
9
Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 24 адам зардап шеккен. №1 Алматы облыстық ауруханаға жеткізілген алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр. №4 қалалық клиникалық ауруханаға 19 адам жеткізілген.
![Туысын тізімнен іздеп жатқан азамат. Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханасы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bd7754f3-afe3-4e53-bedc-b0da42eb0d7a_w1024_q10_s.jpg)
10
Туысын тізімнен іздеп жатқан азамат. Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханасы.
![Апат орнында. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6d6452d6-f0c7-4f16-8fb9-561aab86d89f_w1024_q10_s.jpg)
11
Апат орнында.
![Зардап шеккендердің тізімі. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/10ab4282-bf03-4a01-acf3-b9384bd5857c_w1024_q10_s.png)
12
Зардап шеккендердің тізімі.
ПІКІРЛЕР