Сирияның солтүстік-шығысындағы түрмелер мен лагерьлерде мыңдаған ер, әйел және бала өмір кешіп жатыр. Олардың көбі «Ислам мемлекеті» террористік тобы күйреген соң қолға түскен. Ұсталғандардың біраз бөлігі - ИМ тобының мүшелері. Олар өз еліне орала ма, ол жағы белгісіз. Көп ел ИМ-ге қосылған азаматтарымен не істерін нақты шешпеді. Reuters агенттігінің фотографы Горан Томашевичтің 2020 жылы қаңтарда түсірген фотолары.
ИМ мүшелерінің шарасыз өмірі
![ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендердің бірі Әл-Хасака түрмесінің ауруханасында отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f7e73a61-668f-4911-b366-c289d365d6c5_w1024_q10_s.jpg)
1
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендердің бірі Әл-Хасака түрмесінің ауруханасында отыр.
![ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендер Әл-Хасака түрмесінің камерасында отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d7cad9ae-e3ba-4c24-a3fc-3af5f215afcf_w1024_q10_s.jpg)
2
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендер Әл-Хасака түрмесінің камерасында отыр.
![ИМ мүшелері Әл-Хасака түрмесінде жаттығу жасап жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3ad8bba0-de1b-4378-868d-8023e0731d94_w1024_q10_s.jpg)
3
ИМ мүшелері Әл-Хасака түрмесінде жаттығу жасап жатыр.
![Түрмеде отырғандардың көбі Сирия мен Иракта ұсталған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1596e2f0-a5f4-4c65-9397-1dcff2ca5b2a_w1024_q10_s.jpg)
4
Түрмеде отырғандардың көбі Сирия мен Иракта ұсталған.
![ИМ құрамында болған босниялық Алия Кесерович Әл-Хасака түрмесінің емханасында отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3a3297cb-f9ae-417f-a43e-ea63b2e52ca7_w1024_q10_s.jpg)
5
ИМ құрамында болған босниялық Алия Кесерович Әл-Хасака түрмесінің емханасында отыр.
![ИМ мүшелерінің бірі түрме лазаретінде дәрігерге қаралып жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3550dfd7-fca7-474e-b314-3dd239bb84d7_w1024_q10_s.jpg)
6
ИМ мүшелерінің бірі түрме лазаретінде дәрігерге қаралып жатыр.
![ИМ құрамында болғандар түрмеде намаз оқып жатқан сәт.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/59a365d3-6173-4828-949d-c040aca35def_w1024_q10_s.jpg)
7
ИМ құрамында болғандар түрмеде намаз оқып жатқан сәт.
![Ирактық Абед Әл-Хамед Атия түрмеде салған суретінің жанында отыр. Оған жеке камера бөлінген, себебі ұсталғандардың арасында Абедтің сурет салғанына қарсылар көп. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1cc753b6-877b-4a55-a153-256dd9d1b706_w1024_q10_s.jpg)
8
Ирактық Абед Әл-Хамед Атия түрмеде салған суретінің жанында отыр. Оған жеке камера бөлінген, себебі ұсталғандардың арасында Абедтің сурет салғанына қарсылар көп.
![Ұсталғандар түрме камерасында отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e0f10238-95e5-4856-b132-58cd78d97f4c_w1024_q10_s.jpg)
9
Ұсталғандар түрме камерасында отыр.
![Босния және Герцеговинадан келген Моамера Мухамедагич ИМ мүшесінің әйелі болған. Қазір ол Сириядағы Әл-Рож лагерінде өмір сүріп жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/72c85384-76d5-4da4-943e-22a4a4fa1eb4_w1024_q10_s.jpg)
10
Босния және Герцеговинадан келген Моамера Мухамедагич ИМ мүшесінің әйелі болған. Қазір ол Сириядағы Әл-Рож лагерінде өмір сүріп жатыр.
![Күрд шенеунігі Римелан (Сирия) қаласында ұсталған ИМ мүшелерінің паспортын көрсетіп жатыр. Құжаттардың арасында Қазақстанның паспорты бар. Қазақстан ҰҚК дерегінше, елден Сирия мен Иракқа мыңға жуық адам кеткен. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1c09e335-48f4-4284-829f-72c324955bcf_w1024_q10_s.jpg)
11
Күрд шенеунігі Римелан (Сирия) қаласында ұсталған ИМ мүшелерінің паспортын көрсетіп жатыр. Құжаттардың арасында Қазақстанның паспорты бар. Қазақстан ҰҚК дерегінше, елден Сирия мен Иракқа мыңға жуық адам кеткен.
![ИМ мүшелерінің жанұялары өмір сүріп жатқан Әл-Хол лагері. Қазақстан билігі "Жусан" операциясы кезінде Таяу Шығыстан 600-ге жуық азаматын елге алып келген. Олардың қырықтан астамы сотталып, қазір Қазақстан түрмесінде отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3be9dc02-56d2-42a2-a4f9-4bf22fe78934_w1024_q10_s.jpg)
12
ИМ мүшелерінің жанұялары өмір сүріп жатқан Әл-Хол лагері. Қазақстан билігі "Жусан" операциясы кезінде Таяу Шығыстан 600-ге жуық азаматын елге алып келген. Олардың қырықтан астамы сотталып, қазір Қазақстан түрмесінде отыр.
![Әл-Хол лагерінде жүрген балалар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/36703259-2a70-4512-b2a6-5e9199951818_w1024_q10_s.jpg)
13
Әл-Хол лагерінде жүрген балалар.
![Әл-Хол лагерінде отырған әйел. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2b03c158-f3b8-4f91-a332-6a12dd97ae79_w1024_q10_s.jpg)
14
Әл-Хол лагерінде отырған әйел.
![Әл-Хол лагеріндегі базарда жүрген әйелдер. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e5c6f32a-a287-4a63-9f2f-2a87be265e39_w1024_q10_s.jpg)
15
Әл-Хол лагеріндегі базарда жүрген әйелдер.