Алматыда мыңға жуық адам 28 панфиловшы паркіне барып, Жеңіс күнін тойлады. Биліктің "Мәңгілік полк" шеруін онлайн өткізу керек дегеніне қарамастан, Алматыдағы шараға жиналғандар ардагер жақындарының суретін алып, "Георгий лентасын" тағып келді.
1Қолына ардагер жақынының фотосын ұстаған әйел. Алматы, 9 мамыр, 2023 жыл
2Алматыда "Мәңгілік полк" шарасы болған жоқ. Бірақ жұрт паркке Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жақындарының фотосын ұстай келген.
3Парктегі орталық алаңда әскери әндер айтылған тегін концерт болды.
4Мерекелік сауда.
5Паркте гүл саудасы да қызды.
6Жұрт гүл алып, ескерткішке қойды.
7Мерекелік құттықтау.
8Парктің бірнеше жерінде "солдат ботқасы" жұртқа тегін таратылды.
9Жұрт "солдат ботқасын" жеуге кезекке тұрды.
10Парктегі шағын шеру.
11Парк аумағына әскери техника да қойылды.
12Бауыржан Момышұлы болып киініп алған ер адаммен суретке түсіп жатқан тұрғын.
13Балалар зейнеткердің ордендерін қызықтап тұр.
14Зейнеткерлерге арнап бөлек дастарқан жайылды.
15Паркке келген кейбір жұрт шіркеуге кіріп, шырақ жағып, дұға етті.
16Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жақындарының есімін шарға жазып алған әйел.
17"СССР-де туған" деген жазуы бар киім киген тұрғын.
18"СССР-де туған" деген киім кейінгі кезде сәнге айнала бастағаны байқалады. Жұрт мұндай киімді Совет Одағынан қалған мерекелерде жиі киеді.
19
20Әскери адам Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткішінің алдында тұр.
Георгий лентасы, "солдат ботқасы", "СССР-де туған". Алматы Жеңіс күнін қалай атап өтті?