Алматының 11 жасар тұрғыны Әмір Исаев арифметикаға мықты, шахматты да жақсы ойнайды... Ол науқасына қарамастан, белсенді өмір сүреді, мақсаттары да биік. Бірақ оның науқасы ауыр - церебралды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан.
Үміті жетектеген науқас бала
![Әмір Исаевтың өмірінің басқа балалардан аса көп айырмашылығы жоқ. Ол ата-анасы қамқорлығы арқасында ештеңеден кемдік көрмей келеді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b3eb56d6-7af0-47a3-b8af-b94bea880e38_w1024_q10_s.jpg)
1
Әмір Исаевтың өмірінің басқа балалардан аса көп айырмашылығы жоқ. Ол ата-анасы қамқорлығы арқасында ештеңеден кемдік көрмей келеді.
![Әмір мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта оқиды. Әкесі Кенжебай оны жекеменшік мектепке ауыстыруды ойластырып жүргенін айтты. «Өйткені Әмір алғыр. Оның көп мақсаты бар, соларға жеткісі келеді» дейді ол. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1ff84194-d09d-4ac0-99e1-c5d09a6e76b4_w1024_q10_s.jpg)
2
Әмір мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта оқиды. Әкесі Кенжебай оны жекеменшік мектепке ауыстыруды ойластырып жүргенін айтты. «Өйткені Әмір алғыр. Оның көп мақсаты бар, соларға жеткісі келеді» дейді ол.
![Әмір Исаев – арифметика курсындағы ДЦП диагнозы қойылған жалғыз бала. Мұғалімдер оны жеке оқытады. Ата-анасы мен мұғалімдердің сөзіне қарағанда, арифметика курсы баланың дамуына жақсы әсер еткен. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8ab86421-b8bf-4eb8-9b2b-3b37e1238b22_w1024_q10_s.jpg)
3
Әмір Исаев – арифметика курсындағы ДЦП диагнозы қойылған жалғыз бала. Мұғалімдер оны жеке оқытады. Ата-анасы мен мұғалімдердің сөзіне қарағанда, арифметика курсы баланың дамуына жақсы әсер еткен.
![Әмір шахмат ойнағанды ұнатады. Әкесі Кенжебайдың сөзінше, Әмір оны үнемі ұтып кетеді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9332bfb1-6631-4c93-9e4c-626412647c9e_w1024_q10_s.jpg)
4
Әмір шахмат ойнағанды ұнатады. Әкесі Кенжебайдың сөзінше, Әмір оны үнемі ұтып кетеді.
![Әмір ата-анасының арқасында белсенді өмір сүреді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/299eb604-4eb8-4e11-8793-6766dad643d2_w1024_q10_s.jpg)
5
Әмір ата-анасының арқасында белсенді өмір сүреді.
![Бұл тренажёр Әмірдің қимыл-қозғалысын жетілдіруге көмектеседі. Ол бұл құралмен жиі жаттығады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0354adaf-0292-4139-a2e3-e5101b7dbdbd_w1024_q10_s.jpg)
6
Бұл тренажёр Әмірдің қимыл-қозғалысын жетілдіруге көмектеседі. Ол бұл құралмен жиі жаттығады.
![2015 жылы жазда қазақстандық танымал велоспортшы Александр Винокуров «Милосердие» қайырымдылық қоғамы арқылы Әмірге өз атынан велосипед сыйлау туралы ұсыныс жасаған. Қайырымдылық ұйымы спортшыға Әмірдің байланыс мәліметтерін берген. Олимпиада чемпионы Викнокуровтан сыйлық алу Әмірдің өміріндегі ғажайып сәт болды. Қазір оның өмірге деген құлшынысы арта түскен. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6e424080-48a0-4511-8d87-cded7f823314_w1024_q10_s.jpg)
7
2015 жылы жазда қазақстандық танымал велоспортшы Александр Винокуров «Милосердие» қайырымдылық қоғамы арқылы Әмірге өз атынан велосипед сыйлау туралы ұсыныс жасаған. Қайырымдылық ұйымы спортшыға Әмірдің байланыс мәліметтерін берген. Олимпиада чемпионы Викнокуровтан сыйлық алу Әмірдің өміріндегі ғажайып сәт болды. Қазір оның өмірге деген құлшынысы арта түскен.
![Әмір - ашық-жарқын, жайдары бала. Диагнозы оның жігерін мұқалтпайды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/cd6f18a3-49c5-4dcb-b7b9-7d4b42d2054a_w1024_q10_s.jpg)
8
Әмір - ашық-жарқын, жайдары бала. Диагнозы оның жігерін мұқалтпайды.
![Бір күні Әмірдің әкесі музыкант досынан баласының даусын тыңдап көруді сұрайды. Қазір Әмірдің ән айтып жүргеніне екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет сахнаға шықты. Алматы мен Астанадағы қайырымдылық концерттерінде ән шырқады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e556b1e2-d4f5-4b03-af71-0d2bcd5fe99a_w1024_q10_s.jpg)
9
Бір күні Әмірдің әкесі музыкант досынан баласының даусын тыңдап көруді сұрайды. Қазір Әмірдің ән айтып жүргеніне екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет сахнаға шықты. Алматы мен Астанадағы қайырымдылық концерттерінде ән шырқады.
![Әмір Исаевқа сахнада ән айтқан ұнайды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3f11ad62-0af3-4f74-9cb0-6591ee6b8eb7_w1024_q10_s.jpg)
10
Әмір Исаевқа сахнада ән айтқан ұнайды.
![Әмірдің достары көп. Ол интернет арқылы көп адамдармен араласады. Мүмкіндігі шектеулі бала мақсаттарына талмай ұмтылып келеді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d6296c8b-4690-4e9f-9a3a-3775e278b874_w1024_q10_s.jpg)
11
Әмірдің достары көп. Ол интернет арқылы көп адамдармен араласады. Мүмкіндігі шектеулі бала мақсаттарына талмай ұмтылып келеді.