Қырғызстанда парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразы топ 5 қазанда Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында митинг өткізіп, президент Сооронбай Жээнбековтің биліктен кетуін, сайлауды қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай парламент пен президент әкімшілігі маңында наразылар мен полиция қақтығысты. Күштік құрылым өкілдері наразыларға көзден жас ағызатын газ бен су шашып, резеңке оқ, түтін құтылар қолданды. Кей мәлімет бойынша, 120 адам жараланған. Кейінірек наразылар парламент ғимаратына басып кірді, полиция мен арнайы жасақ оларға қарсылық көрсетпеген. 6 қазанға қараған түні наразылар Ақ үйді басып алып, президент Жээнбековтің кабинетіне кірді.
Наразылардың Ақ үйге басып кірген сәті. Фоторепортаж
Бішкекте парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразылар оппозиция митингісін күшпен таратпақ болған полициямен қақтығыстан соң президент әкімшілігі мен парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің фоторепортажы
![Президент Сооронбай Жээнбековтің кабинетіне кірген наразылардың бірі оның портретін теуіп тұр. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/77051ec6-1132-4aff-af16-95cda4f034b0_w1024_q10_s.jpg)
1
Президент Сооронбай Жээнбековтің кабинетіне кірген наразылардың бірі оның портретін теуіп тұр. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразылар полиция жасағымен қақтығыстан кейін Ақ үйдегі президент кабинетіне баса-көктеп кірді. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/45a8e81a-7289-4938-8ff0-1705885a27c6_w1024_q10_s.jpg)
2
Парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразылар полиция жасағымен қақтығыстан кейін Ақ үйдегі президент кабинетіне баса-көктеп кірді. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Ақ үйдегі есіктердің біріндегі жазу. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/75510940-ca86-4e35-b037-7bfeb9a02b22_w1024_q10_s.jpg)
3
Ақ үйдегі есіктердің біріндегі жазу. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Наразылар Ақ үйде жүр. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b8623a47-a6f0-4327-a87e-8d6a2020f5c8_w1024_q10_s.jpg)
4
Наразылар Ақ үйде жүр. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Ақ үйді басып алған наразылар. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8639fe0b-fec8-4a4d-9b72-92eb8ada5253_w1024_q10_s.jpg)
5
Ақ үйді басып алған наразылар. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Қырғызстан туын ұстап, Ақ үйдегі үстелдің үстінде тұрған адам. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/47e2d49a-3463-471a-9097-bba864ad9608_w1024_q10_s.jpg)
6
Қырғызстан туын ұстап, Ақ үйдегі үстелдің үстінде тұрған адам. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Қырғызстан президентінің кабинетінде жүрген наразылар. Ақ үй, Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d34473ab-356a-4066-878b-cc09ae5827ea_w1024_q10_s.jpg)
7
Қырғызстан президентінің кабинетінде жүрген наразылар. Ақ үй, Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9a7bd5c0-2e63-44b1-8da9-bc84cc80950d_cx0_cy16_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.
![Қырғызстан перзиденті мен парламенті орналасқан ғимаратты басып алған наразылар. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/cda5a947-5a88-4521-a3ba-ced647c36e66_cx0_cy3_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
Қырғызстан перзиденті мен парламенті орналасқан ғимаратты басып алған наразылар. Бішкек, 6 қазан 2020 жыл.