1989 жылы көктемде Грузия астанасында халық көшеге шықты. Тбилисидің орталығына жиналған мыңдаған адам қатысқан шеру елдің тәуелсіздігін жариялауды талап етіп, бірнеше адам аштық акциясын бастайтындарын мәлімдеді. 9 сәуір күні СССР ішкі істер әскері бейбіт шеруді саперлік күрекпен ұрып, газ шашып күшпен таратты. Кемінде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Тбилисидегі жазалау оқиғасы Совет одағының күйреуіне алып келген тарихи оқиғалардың бірі болды.
Тбилиси оқиғасына - 25 жыл
![Шеру басталардан бірнеше ай бұрын бір топ жас азамат Грузия тәуелсіздігін талап етіп аштық жариялаған еді. Грузия парламент үйі алдында түсірілген мына суреттегі плакатта аштық акциясының 5-ші күні бойы жалғасып жатқаны жазылған. 28 қараша 1988 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e9fb8b9b-eaa1-41df-b4ee-386d477165fd_w1024_q10_s.jpg)
1
Шеру басталардан бірнеше ай бұрын бір топ жас азамат Грузия тәуелсіздігін талап етіп аштық жариялаған еді. Грузия парламент үйі алдында түсірілген мына суреттегі плакатта аштық акциясының 5-ші күні бойы жалғасып жатқаны жазылған. 28 қараша 1988 жыл.
![Сәуір айына қарай наразылық шеруі шырқау шегіне жетті. Мына сурет Грузияның тәуелсіздігін жариялауды талап етіп, 1989 жылы 8 сәуірде Тбилисидегі Руставели даңғылындағы наразылық акциясынан түсірілген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/67ae634a-ff10-49b3-80c8-16fe72b105a7_w1024_q10_s.jpg)
2
Сәуір айына қарай наразылық шеруі шырқау шегіне жетті. Мына сурет Грузияның тәуелсіздігін жариялауды талап етіп, 1989 жылы 8 сәуірде Тбилисидегі Руставели даңғылындағы наразылық акциясынан түсірілген.
![Грузияның тәуелсіздігі туралы талаппен шыққан бейбіт шеруді күштеп таратқан соң үкімет үйі алдында тұрған совет әскери танктері. 9 сәуір 1989 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fd5de9b1-1ca5-416d-8d4a-919bd994920b_w1024_q10_s.jpg)
5
Грузияның тәуелсіздігі туралы талаппен шыққан бейбіт шеруді күштеп таратқан соң үкімет үйі алдында тұрған совет әскери танктері. 9 сәуір 1989 жыл.
![Тбилисидегі Руставели даңғылын күзетіп тұрған совет әскері. 11 сәуір 1989 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/10a15986-f119-487f-81e7-225245ca49af_w1024_q10_s.jpg)
9
Тбилисидегі Руставели даңғылын күзетіп тұрған совет әскері. 11 сәуір 1989 жыл.
![Тиблиси көшесіндегі совет әскери танктері. 11 сәуір 1989 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1e68dc9b-f27f-465d-967f-c4fb3e70eecc_w1024_q10_s.jpg)
10
Тиблиси көшесіндегі совет әскери танктері. 11 сәуір 1989 жыл.
![Бейбіт шеруді әскер күшімен басып-жаншығаннан кейінгі Грузия үкіметі үйінің алдынан көрініс. 12 сәуір 1989 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d6618346-21b8-4453-9e3b-39bcba52e69a_w1024_q10_s.jpg)
11
Бейбіт шеруді әскер күшімен басып-жаншығаннан кейінгі Грузия үкіметі үйінің алдынан көрініс. 12 сәуір 1989 жыл.
![Совет әскері күшпен басқан шеру құрбандарын еске алып мыңдаған адам көшеге шықты. Тбилиси, 16 сәуір 1989 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7b3ac73b-c138-426b-b3be-180c9cae566d_w1024_q10_s.jpg)
12
Совет әскері күшпен басқан шеру құрбандарын еске алып мыңдаған адам көшеге шықты. Тбилиси, 16 сәуір 1989 жыл.