Бәйге десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйер көрерменнің көптігінен Алматы ипподромында ине шаншар орын болмады
Қазақстанның сәйгүліктері сынға түскен жарыс
7 қазанда Алматы ипподромында ат жарысынан Қазақстан чемпионатының финалы өтті. Дүбірлі додаға Қазақстан әр өңірінен топ жарып келген таңдаулы сәйгүліктер қатысты.
![Бәйге финалына Қазақстанның әр аймағынан іріктеу жарысында үздік шыққан сәйгүліктер жиналды](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-0f88-08dbc943faec_w1024_q10_s.jpg)
1
Бәйге финалына Қазақстанның әр аймағынан іріктеу жарысында үздік шыққан сәйгүліктер жиналды
![Жарыстың жалпы жүлде қоры – 82,5 миллион теңге](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-634d-08dbc943fbaa_w1024_q10_s.jpg)
2
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 82,5 миллион теңге
![Додалы жарыста Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар мен Шымкенттен келген шабандоздар сынға түсті](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-a34d-08dbc943fcf7_w1024_q10_s.jpg)
3
Додалы жарыста Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар мен Шымкенттен келген шабандоздар сынға түсті
![Ат жарыс Алматы ипподромында өтті. Бұл ипподром 1930 жылы асыл тұқымды жылқыларды сынайтын орталық ретінде ашылған](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-7009-08dbc94381d7_w1024_q10_s.jpg)
4
Ат жарыс Алматы ипподромында өтті. Бұл ипподром 1930 жылы асыл тұқымды жылқыларды сынайтын орталық ретінде ашылған
![Алматы ипподромында ат жарыс үнемі өтіп тұрады. Бірақ үш мың адамға есептелген трибунаға үлкен жарыс болған кездері адам симай қалады. 1930 жылы үш мың орын қалыпты деп саналса, 2023 жылы түк болмай қалды](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-8ddb-08dbc9441d21_w1024_q10_s.jpg)
5
Алматы ипподромында ат жарыс үнемі өтіп тұрады. Бірақ үш мың адамға есептелген трибунаға үлкен жарыс болған кездері адам симай қалады. 1930 жылы үш мың орын қалыпты деп саналса, 2023 жылы түк болмай қалды
![Бәйге десе делебесі қозып, ішкен асын жерге қоятын жұрттан ипподромда ине шаншар жер болмады. Ипподром ішіне сыймай қалған жанкүйерлер қақпадан сығалап, жарыс алаңындағы доданы тамашалап тұр](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-dcac-08dbc9440dd4_w1024_q10_s.jpg)
6
Бәйге десе делебесі қозып, ішкен асын жерге қоятын жұрттан ипподромда ине шаншар жер болмады. Ипподром ішіне сыймай қалған жанкүйерлер қақпадан сығалап, жарыс алаңындағы доданы тамашалап тұр
![Кейбіреулер ең жайлы орын тапқан сияқты: ас пұлын төлеп. кафенің ішіне жайғасып, сырттағы бәйге қызығын терезеден тамашалап отыр. Әп сәтте бұл жерде де бос орын қалмады](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-74cc-08dbc944157d_w1024_q10_s.jpg)
7
Кейбіреулер ең жайлы орын тапқан сияқты: ас пұлын төлеп. кафенің ішіне жайғасып, сырттағы бәйге қызығын терезеден тамашалап отыр. Әп сәтте бұл жерде де бос орын қалмады
![Бұл күні сәйгүліктер жарыстың бірнеше түрінен: ұшқыр бәйге – 2400 метр, жорға жарыс – екі шақырым, топ бәйге – 18 шақырым, аламан бәйге – 25 шақырым және ұлы аламан бәйге –36 шақырым қашықтықта сынға түсті. Ұлы аламан бәйгеден бірінші болып мәреге қайсысы жететінін көруге жиналған жұрттың бәрі ынтық болды. Тігілген жүлде де айтуға тұрады – тоғыз миллион теңге (қазіргі бағаммен 21 мың долларға жуық)](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-84f4-08dbc9441f86_w1024_q10_s.jpg)
8
Бұл күні сәйгүліктер жарыстың бірнеше түрінен: ұшқыр бәйге – 2400 метр, жорға жарыс – екі шақырым, топ бәйге – 18 шақырым, аламан бәйге – 25 шақырым және ұлы аламан бәйге –36 шақырым қашықтықта сынға түсті. Ұлы аламан бәйгеден бірінші болып мәреге қайсысы жететінін көруге жиналған жұрттың бәрі ынтық болды. Тігілген жүлде де айтуға тұрады – тоғыз миллион теңге (қазіргі бағаммен 21 мың долларға жуық)
![Жорға жарыс – ат спортының өзіне тән ерекшелігі бар күрделі жарыс түрі. Өзінің жұмсақ жүрісінен танбайтын нағыз жорғаны қазақ су жорға деп атайды. Ел аузындағы аңыз бойынша, ондай жорғамен алып жүрген су шайқалмайды, төгілмейді. Жарыс ережесі бойынша, жорға оң жақ алдыңғы аяғы мен оң жақ артқы аяғын, сол жақ артқы аяғы мен сол жақ артқа аяғын бір мезгілде басып, осы жүрісінен танбауы шарт. Егер жорға жүрісінен жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, онда шабандозға айып салынады. Ал жарыс тәртібін төрт рет бұзған жорға жарыстан шығып қалады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-833d-08dbc9436e74_cx0_cy2_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
Жорға жарыс – ат спортының өзіне тән ерекшелігі бар күрделі жарыс түрі. Өзінің жұмсақ жүрісінен танбайтын нағыз жорғаны қазақ су жорға деп атайды. Ел аузындағы аңыз бойынша, ондай жорғамен алып жүрген су шайқалмайды, төгілмейді.
Жарыс ережесі бойынша, жорға оң жақ алдыңғы аяғы мен оң жақ артқы аяғын, сол жақ артқы аяғы мен сол жақ артқа аяғын бір мезгілде басып, осы жүрісінен танбауы шарт. Егер жорға жүрісінен жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, онда шабандозға айып салынады. Ал жарыс тәртібін төрт рет бұзған жорға жарыстан шығып қалады.
Жарыс ережесі бойынша, жорға оң жақ алдыңғы аяғы мен оң жақ артқы аяғын, сол жақ артқы аяғы мен сол жақ артқа аяғын бір мезгілде басып, осы жүрісінен танбауы шарт. Егер жорға жүрісінен жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, онда шабандозға айып салынады. Ал жарыс тәртібін төрт рет бұзған жорға жарыстан шығып қалады.
![Топ бәйгеде мәреге бірінші болып келген аттың шабандозы Абзал Тұрмысқа арнайы жүлде – кубок, мақтау қағаз бен сегіз миллион теңгенің сертификаты табыс етілді](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-1b2b-08dbc9440d90_w1024_q10_s.jpg)
10
Топ бәйгеде мәреге бірінші болып келген аттың шабандозы Абзал Тұрмысқа арнайы жүлде – кубок, мақтау қағаз бен сегіз миллион теңгенің сертификаты табыс етілді
![Жарысқа түсетін атты әдетте бала мініп шығады. Ол түсінікті де, өйткені атқа неғұрлым жеңіл болғаны жақсы](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-30e8-08dbc94404c9_cx0_cy2_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
11
Жарысқа түсетін атты әдетте бала мініп шығады. Ол түсінікті де, өйткені атқа неғұрлым жеңіл болғаны жақсы
![11 жастағы Арнат Мұратхан – Қазақстандағы ат құлағында ойнайтын үздік шабандоздардың бірі. Он мінген ат бұл жолы құнан бәйгеде мәреге бірінші болып жетті](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-a4bf-08dbc94394dc_w1024_q10_s.jpg)
12
11 жастағы Арнат Мұратхан – Қазақстандағы ат құлағында ойнайтын үздік шабандоздардың бірі. Он мінген ат бұл жолы құнан бәйгеде мәреге бірінші болып жетті
![Бұл жолғы жарыста әттеген-ай дегізген сәттер де болды. Жарыс кезінде бір ат сүрініп кетіп, омақаса құлады. Үстіндегі шабандозға ештеңе болған жоқ, ал бірақ аттың өзі талпынғанымен, бірден тұрып кете алмады](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-4cbc-08dbc94421bd_w1024_q10_s.jpg)
13
Бұл жолғы жарыста әттеген-ай дегізген сәттер де болды. Жарыс кезінде бір ат сүрініп кетіп, омақаса құлады. Үстіндегі шабандозға ештеңе болған жоқ, ал бірақ аттың өзі талпынғанымен, бірден тұрып кете алмады
![Тек бірнеше минуттен соң ол төрт аяғына тұрып, ақсаңдай басып шетке қарай шыға берді. Тосын оқиғадан демін ішіне тартып, тыныштала қалған жұрт аттың қатты мертікпей, тұрып кеткенін көргенде көңілі орнына түсіп, қол шапалақтап, ысқырып, жануар-ай деп қолпаштап, қолдау білдіріп жатты](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-d7f8-08dbc9438d00_w1024_q10_s.jpg)
14
Тек бірнеше минуттен соң ол төрт аяғына тұрып, ақсаңдай басып шетке қарай шыға берді. Тосын оқиғадан демін ішіне тартып, тыныштала қалған жұрт аттың қатты мертікпей, тұрып кеткенін көргенде көңілі орнына түсіп, қол шапалақтап, ысқырып, жануар-ай деп қолпаштап, қолдау білдіріп жатты
![Бәйге десе делебесі қозатын жұрт құмарта көрген әр сәтін түсіріп қалуға тырысады](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-4fa2-08dbc943fe95_w1024_q10_s.jpg)
15
Бәйге десе делебесі қозатын жұрт құмарта көрген әр сәтін түсіріп қалуға тырысады
![Жеңімпазға тапсырылатын жүлдені ұстап тұрған, ұлттық нақыштағы киім киген қыз](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-0273-08dbc9438f71_w1024_q10_s.jpg)
16
Жеңімпазға тапсырылатын жүлдені ұстап тұрған, ұлттық нақыштағы киім киген қыз
![Ат жарысы жүлдегеріне табыс етілетін медаль](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-b383-08dbc9440cf6_w1024_q10_s.jpg)
17
Ат жарысы жүлдегеріне табыс етілетін медаль
![Трибунадан орын тимей қалған көрермен бәйгені көре алмадым-ау деп пұшайман болған жоқ – ат жарысты ипподромның сырт жағына қойылған үлкен экраннан тамашалады](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-55a1-08dbc9441ea5_w1024_q10_s.jpg)
18
Трибунадан орын тимей қалған көрермен бәйгені көре алмадым-ау деп пұшайман болған жоқ – ат жарысты ипподромның сырт жағына қойылған үлкен экраннан тамашалады
![Бәсекенің қатты қызып, шарықтау шегіне жететін кез – мәреге бірнеше жүз метр жақын қалған сәт](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-c0a8-0242-2057-08dbc9440689_w1024_q10_s.jpg)
19
Бәсекенің қатты қызып, шарықтау шегіне жететін кез – мәреге бірнеше жүз метр жақын қалған сәт
![Ат жарысы аяқталған соң қазақтың ұлттық киімін және ұлттық нақышпен тігілген сән киімін киіп көпшілік алдына шыққан арулар](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01000000-0aff-0242-3129-08dbc985832b_w1024_q10_s.jpg)
20
Ат жарысы аяқталған соң қазақтың ұлттық киімін және ұлттық нақышпен тігілген сән киімін киіп көпшілік алдына шыққан арулар