Саят құрып, жүгірген аңға бүркіт салу – қазақтың ескі дәстүрі. Осы дәстүрді әлі күнге сақтап келе жатқандар бар. Олар жарысқа тек ермек үшін емес, қыран құстарын түз тағысына салып, нағыз саятшылық құру үшін келеді.
Қансонарда бүркітші шығады аңға... "Сонар-2020" бүркітшілер жарысы
Алматы облысында ең мықты бүркітшіні таңдайтын "Сонар-2020" турнирі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты әдетте Қазақстандағы ірі жарыстардан қалмауға тырысатын Қырғызстан мен Моңғолия бүркітшілері жарысқа қатыса алмады.
![Турнирге Қазақстанның он аймағынан саятшы қатысты. Пандемияға байланысты жарыс ережелеріне біраз өзгеріс енгізілді: әр облыстан тек екі бүркіт, екі сұңқар және екі қыран әкелуге рұқсат берілді. Атыраудан келген Арман Қошқаров жеңімпаз деп танылды. Бірақ басқа өңірлерден келген саятшылар да жарыс көрігін қыздырып, көрерменге ерекше ләззат сыйлады. Суретте: бүркітін баптаған саятшы оны аңға салуға дайындап тұр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a3633c37-8262-45c8-818a-f85399648d68_w1024_q10_s.jpg)
1
Турнирге Қазақстанның он аймағынан саятшы қатысты. Пандемияға байланысты жарыс ережелеріне біраз өзгеріс енгізілді: әр облыстан тек екі бүркіт, екі сұңқар және екі қыран әкелуге рұқсат берілді. Атыраудан келген Арман Қошқаров жеңімпаз деп танылды. Бірақ басқа өңірлерден келген саятшылар да жарыс көрігін қыздырып, көрерменге ерекше ләззат сыйлады. Суретте: бүркітін баптаған саятшы оны аңға салуға дайындап тұр.
![Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста аушы құстар 200 метрден қашықтықтан иесін тауып, қолына қонуы тиіс, кептерлерді ұстап, түлкілер мен қояндарды аулауы қажет. Суретте сұңқардың қоян ұстағаны бейнеленген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/164d3bb0-f118-4e0c-80c7-75d97a46b2d2_w1024_q10_s.jpg)
2
Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста аушы құстар 200 метрден қашықтықтан иесін тауып, қолына қонуы тиіс, кептерлерді ұстап, түлкілер мен қояндарды аулауы қажет. Суретте сұңқардың қоян ұстағаны бейнеленген.
![Жыртқыш құс аулайтын таппаса, жіберілген қоянды турнир қатысушыларының өзі ұстауы керек. Ұстап алған соң, қоянды торға қайта қамайды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ac001826-2c5c-4cd0-911a-3816d144e5ff_w1024_q10_s.jpg)
3
Жыртқыш құс аулайтын таппаса, жіберілген қоянды турнир қатысушыларының өзі ұстауы керек. Ұстап алған соң, қоянды торға қайта қамайды.
![Аушы құс ұстаған аңшы "Сонар-2020" бүркітшілер жарысында.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/99581a8d-81b4-4298-9870-30b3a1c95803_w1024_q10_s.jpg)
4
Аушы құс ұстаған аңшы "Сонар-2020" бүркітшілер жарысында.
![Сұңқарға қойылатын міндеттердің бірі – ұшып бара жатқан кептерді ұстау. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fac85ab7-dd2c-43f2-9fe3-14b066805d63_w1024_q10_s.jpg)
5
Сұңқарға қойылатын міндеттердің бірі – ұшып бара жатқан кептерді ұстау.
![Тапсырма орындалды: сұңқар кептерді ұстап алды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1c11c800-5d5f-48ca-8f5e-1fe44effeb7c_w1024_q10_s.jpg)
6
Тапсырма орындалды: сұңқар кептерді ұстап алды.
![Ұлттық киім киген қыздың қолына қонақтаған аушы құс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1c2325d2-8901-4c5c-97f1-3ff94f146aa3_w1024_q10_s.jpg)
7
Ұлттық киім киген қыздың қолына қонақтаған аушы құс.
![Тапсырмалардың бірі – түлкі аулау. Бүркітшілер қырдың бойына тізіледі, ал олардан жүздеген метр қашықтықта түлкіні босатады. Құс түлкіні ұстауы қажет, ал аңшылар оны дер кезінде құтқарып алуы тиіс. Суретте бүркіт түлкіні қуып жеткені бейнеленген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/58ee3fb7-cc86-4b2e-8b1f-0a0f357e6f73_w1024_q10_s.jpg)
8
Тапсырмалардың бірі – түлкі аулау. Бүркітшілер қырдың бойына тізіледі, ал олардан жүздеген метр қашықтықта түлкіні босатады. Құс түлкіні ұстауы қажет, ал аңшылар оны дер кезінде құтқарып алуы тиіс. Суретте бүркіт түлкіні қуып жеткені бейнеленген.
![Құтқарылған түлкіні торға қайта қамайды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9ed262bf-590d-4e24-a5ad-e013d43bfae7_w1024_q10_s.jpg)
9
Құтқарылған түлкіні торға қайта қамайды.
![Аңшы сұңқар құсты жіпке байланған өлі кептерді ұстатқызып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ac67da35-5d10-41d3-922f-bbc15003b4c4_w1024_q10_s.jpg)
10
Аңшы сұңқар құсты жіпке байланған өлі кептерді ұстатқызып жатыр.
![Бүркітші мен бүркіт.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/cd2b13b1-8bb9-4abb-accc-26e4df76682f_w1024_q10_s.jpg)
11
Бүркітші мен бүркіт.
![Сұңқар құс жас аңшының қолына қонды. Қырдағы жарыс кезінде тұман түсті. Бірақ бұл аушы құсқа тапсырманы орындауда кедергі келтірмеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/26a210c5-9fc2-4b31-afd7-c7e577faa1f0_w1024_q10_s.jpg)
12
Сұңқар құс жас аңшының қолына қонды. Қырдағы жарыс кезінде тұман түсті. Бірақ бұл аушы құсқа тапсырманы орындауда кедергі келтірмеді.
![Көліктің жүксалғышында тұрған бүркіттер "Сонар-2020" жарысында өз кезегін күтіп тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c8f19153-5d31-499d-a6a7-2f5727410db3_w1024_q10_s.jpg)
13
Көліктің жүксалғышында тұрған бүркіттер "Сонар-2020" жарысында өз кезегін күтіп тұр.
![Аушы құсты басына қондырған ер кісі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/33ea1697-6866-478c-9ed0-c3fa1b3a9281_w1024_q10_s.jpg)
14
Аушы құсты басына қондырған ер кісі.
!["Сонар-2020" бүркітшілер жарысында жүрген аңшы мен сұңқар құс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/48596bab-d368-42ac-a641-c97ef06c650e_w1024_q10_s.jpg)
15
"Сонар-2020" бүркітшілер жарысында жүрген аңшы мен сұңқар құс.
ПІКІРЛЕР