Қазақстан астанасындағы "Қазанат" ипподромында көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты ашылды. Ойындар тамыздың 28-іне дейін күн сайын өтеді. Үздік шыққан үш командаға жүлде беріледі.
Астанадағы көкпардан әлем чемпионаты
![Чемпионаттың ашылу салтанатын Астана филармониясының өнерпаздары қазақ күйлерін тартумен бастады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/57757e24-455a-4548-b13b-de3596ed31fe_w1024_q10_s.jpg)
1
Чемпионаттың ашылу салтанатын Астана филармониясының өнерпаздары қазақ күйлерін тартумен бастады.
![Жарыс алдында көрермендерге қазақтың халық ойыны «Асық атуды» көрсетті. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/190a3273-f4c7-47ea-86fe-4e4b9e3c613c_w1024_q10_s.jpg)
2
Жарыс алдында көрермендерге қазақтың халық ойыны «Асық атуды» көрсетті.
![«Қыз қуу» да болды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/10fdca0e-e70f-4eea-89b9-04bce43d91cc_w1024_q10_s.jpg)
3
«Қыз қуу» да болды.
![Көрермендер чемпионаттың ашылу салтанатына өз елдерінің ұлттық киімдерімен келді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5777ae95-0641-4ee7-a74b-c05214c30ccc_w1024_q10_s.jpg)
4
Көрермендер чемпионаттың ашылу салтанатына өз елдерінің ұлттық киімдерімен келді.
![Аударыспақ та көрсетілді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7cd44d58-68ec-43a9-b4b5-50a43cfbc078_w1024_q10_s.jpg)
5
Аударыспақ та көрсетілді.
![Чемпионатқа Ауғанстан, Қытай, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан командалары қатысып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/44fd0f66-ea97-4d7c-8472-a90f54b1784d_w1024_q10_s.jpg)
6
Чемпионатқа Ауғанстан, Қытай, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан командалары қатысып жатыр.
![Қытай командасының мүшелері толығымен этникалық қазақтар. Олар Әзербайжан командасымен шығуы тиіс болған, бірақ Әзербайжан спортшылары чемпионатқа белгісіз себептермен келе алмай қалып, Қытай көкпаршылары келесі турға автоматты түрде өтті. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/71d53a19-6c91-421e-92e7-8eb01b3258b3_w1024_q10_s.jpg)
7
Қытай командасының мүшелері толығымен этникалық қазақтар. Олар Әзербайжан командасымен шығуы тиіс болған, бірақ Әзербайжан спортшылары чемпионатқа белгісіз себептермен келе алмай қалып, Қытай көкпаршылары келесі турға автоматты түрде өтті.
![Командаларды таныстыру рәсімінде ортаға шыққан Қазақстан спортшылары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/06e14519-aa4d-4b79-bcc2-e643408671a6_w1024_q10_s.jpg)
8
Командаларды таныстыру рәсімінде ортаға шыққан Қазақстан спортшылары.
![Көкпар федерациясы туы көтерілген кезде жұрт қиқулап кетті. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/863a1614-2970-4b69-a478-ea0c2bf2d5ac_w1024_q10_s.jpg)
9
Көкпар федерациясы туы көтерілген кезде жұрт қиқулап кетті.
![Көкпардан әлем чемпионатына қатысатын командалар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a3361c30-9f2d-46a9-a15b-c1b08bab8409_w1024_q10_s.jpg)
10
Көкпардан әлем чемпионатына қатысатын командалар.
![АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қазақ тілінде салтанатты сөз сөйледі. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5809a98a-1d57-4b01-99f9-8d513ff6ed3c_w1024_q10_s.jpg)
11
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қазақ тілінде салтанатты сөз сөйледі.
![Көкпар чемпионатына келген АҚШ командасының мүшесі Денни Лэй жарыс алдында аяғын ауыртып алды. Ол енді доданы трибунада өзі келген штаты Вайоминг туын көтеріп отырып тамашалауға мәжбүр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/80e5b0bd-0a57-4cb6-b95b-a6967e19216a_w1024_q10_s.jpg)
12
Көкпар чемпионатына келген АҚШ командасының мүшесі Денни Лэй жарыс алдында аяғын ауыртып алды. Ол енді доданы трибунада өзі келген штаты Вайоминг туын көтеріп отырып тамашалауға мәжбүр.
![Чемпионат Моңғолия мен Қырғызстан көкпаршылары тартысымен басталды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/da07487c-9a63-471d-bde8-5fa5a2d4d8fb_w1024_q10_s.jpg)
13
Чемпионат Моңғолия мен Қырғызстан көкпаршылары тартысымен басталды.
![Қырғызстан командасының жанкүйерлері өз командаларының есеп ашқанына қуанып жатыр (Қырғыз көкпаршылары 4:0 есебімен жеңді).](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/01a85dc5-a236-4e47-9185-7a07746bce4b_w1024_q10_s.jpg)
14
Қырғызстан командасының жанкүйерлері өз командаларының есеп ашқанына қуанып жатыр (Қырғыз көкпаршылары 4:0 есебімен жеңді).
![Көкпардан әлем чемпионаты алаңда ғана емес, трибуналарда да жалғасып жатты. Әр елдің көрермендері арасында қақтығыстар шығып отырды. Ипподром дикторлары қызуқанды көрермендерді тәртіпке шақырумен болды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8341b787-e51a-4bfc-8c74-e129cd636bee_w1024_q10_s.jpg)
15
Көкпардан әлем чемпионаты алаңда ғана емес, трибуналарда да жалғасып жатты. Әр елдің көрермендері арасында қақтығыстар шығып отырды. Ипподром дикторлары қызуқанды көрермендерді тәртіпке шақырумен болды.