Алматы облысы Кеген ауданында "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі аумағында таудан жылжыған сырғыма дүйсенбі, 23 сәуір күні Көлсай өзені арнасын толтырып тастады. Алматы облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге өзен ағысына кедергі туындамаған. Баяу қозғалған топырақ массасы Саты ауылынан Көлсайға баратын автомобиль жолын басып қалған. Электр бағандары да құлап істен шыққан. Сырғыма Көлсай өзені арнасына кеше жеткен болатын. Көшкіннің жылдамдығы сағатына бір метр деп шамаланады. Алғаш топырақтың сырғуы сәуірдің 19-ында Көлсай өзенінің оң жағасындағы Малыбек шоқысының батысынан басталған. Көшкіннен зардап шеккендер жоқ, басқа да шығын тіркелмеген. Жылжыған топырақ массасы шамамен 45-50 миллион текше метрді құрайды.
Көлсайдағы "көшкен" тау
![Топырақ көшкіні Саты мен Көлсай арасындағы жолды басып қалды. Тікұшақтан түсірілген көрініс. Кеген ауданы, Алматы облысы. 22 сәуір, 2018 жыл. Сурет Алматы облыстық әкімдігі баспасөз қызметінен алынды.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/ad151ea0-c908-438b-83b5-0901d88afc85_w1024_q10_s.jpg)
1
Топырақ көшкіні Саты мен Көлсай арасындағы жолды басып қалды. Тікұшақтан түсірілген көрініс. Кеген ауданы, Алматы облысы. 22 сәуір, 2018 жыл. Сурет Алматы облыстық әкімдігі баспасөз қызметінен алынды.
![Сырғыманың жылжып Көлсай өзеніне жақындаған кезі. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/d8950c2f-574c-4b85-926b-7fb650077cfa_w1024_q10_s.jpg)
2
Сырғыманың жылжып Көлсай өзеніне жақындаған кезі.
![Cырғыма Малыбектің шоқысы деген жерден басталған. Шоқы басында әлі де топырақ сусып түсіп жатыр.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/4b23ee7e-9965-4eac-be08-bb39747c5def_w1024_q10_s.jpg)
3
Cырғыма Малыбектің шоқысы деген жерден басталған. Шоқы басында әлі де топырақ сусып түсіп жатыр.
![Шоқы басында топырақ сырғығанда шаң көтеріліп, қозғалған тас пен топырақтың дыбысы естіледі. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/1c85a8c7-d854-429e-96fd-6a0026e9290c_w1024_q10_s.jpg)
4
Шоқы басында топырақ сырғығанда шаң көтеріліп, қозғалған тас пен топырақтың дыбысы естіледі.
![Сырғыма түбінде жайылып жүрген мал.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/bc7aa950-208f-4c23-81f0-0ad0483e9f9b_w1024_q10_s.jpg)
5
Сырғыма түбінде жайылып жүрген мал.
![Мамандардың бірі шоқы басында дронмен түсірілген видеоны көрсетіп тұр.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/68a00ba8-5249-4be5-af54-0e831296dba7_w1024_q10_s.jpg)
6
Мамандардың бірі шоқы басында дронмен түсірілген видеоны көрсетіп тұр.
![Сырғыма осы саймен төмендегі Көлсай өзеніне қарай жылжып отырған. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/3ff5fdb9-c07d-405b-be0a-84e0b50de42d_w1024_q10_s.jpg)
7
Сырғыма осы саймен төмендегі Көлсай өзеніне қарай жылжып отырған.
![Таудың опырылып сырғымаға айналған беті. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/73672063-2611-46b5-852f-82dc68fa03b1_w1024_q10_s.jpg)
8
Таудың опырылып сырғымаға айналған беті.
![Топырақтың асты босап, үсті жылжып отырған.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/308e9b61-51fc-4c2d-946e-72afcddd404e_w1024_q10_s.jpg)
9
Топырақтың асты босап, үсті жылжып отырған.
![Сырғыманың төменгі шеті.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/8e9d17e6-5f6a-47f2-a65a-1fb01a7f9f1c_w1024_q10_s.jpg)
10
Сырғыманың төменгі шеті.
![Сырғыманың Көлсай өзеніне қарай құлаған тұсы.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/d593be9e-e6bb-43ae-b1f6-a8e951fa6a2e_w1024_q10_s.jpg)
11
Сырғыманың Көлсай өзеніне қарай құлаған тұсы.
![Көлсай өзені жағасынан қарағандағы Малыбектің шоқысы.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/701ff20f-e12f-4176-b87c-f9184e9370a0_w1024_q10_s.jpg)
12
Көлсай өзені жағасынан қарағандағы Малыбектің шоқысы.
![Сырғыма мен елді-мекен арасындағы қашықтық біртіндеп қысқарып келеді. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/1ae9b5d8-fe68-41de-8e71-eccee8a7a7f6_w1024_q10_s.jpg)
14
Сырғыма мен елді-мекен арасындағы қашықтық біртіндеп қысқарып келеді.
![Сырғыма салдарынан Көлсай жолы жабылып, жол жағасындағы электр бағандары құлады.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/b4566d4f-d770-4cb8-8030-45c1c1e8e6b6_w1024_q10_s.jpg)
15
Сырғыма салдарынан Көлсай жолы жабылып, жол жағасындағы электр бағандары құлады.
![Жексенбі, 22 сәуір күнгі сырғыманың Көлсай өзені арнасына құлаған сәті. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/2fef5ed4-6f0d-47a3-bbae-c0ec4e6b04fc_w1024_q10_s.jpg)
16
Жексенбі, 22 сәуір күнгі сырғыманың Көлсай өзені арнасына құлаған сәті.
![Сырғыманы бақылап отырған бригаданың техникасы.](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/45f13b01-c093-45d0-be2a-36c8d961022a_w1024_q10_s.jpg)
18
Сырғыманы бақылап отырған бригаданың техникасы.
![22 сәуір күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың сырғыма жүрген аймаққа келген кезі. ](https://d1sszhy9iwab4n.cloudfront.net/b32054aa-618e-4af6-b7a7-655ae422ccca_w1024_q10_s.jpg)
19
22 сәуір күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың сырғыма жүрген аймаққа келген кезі.