2005 жылы 13 мамыр күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы наразылық басып-жаншылды. Ресми мәліметке қарағанда, 187 адам қаза тапқан. Ал түрлі бейресми ақпараттарда мыңдаған адамның опат болғаны айтылады. Әскер мен полицейлер Әндіжан алаңына жиналған жұртқа оқ боратқан. Халықтың көпшілігінде қару болмаған, олардың арасында әйелдер мен балалар, қарттар да жүрген. Жыл сайын осы күні халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Әндіжанда бейбіт халыққа қарсы аяусыз күш қолданған үкіметтің әрекеттерін сынаған материалдар жариялап, қаралы күнді еске алып отырады. AFP, epa, RFE/RL суреттерінен жасалған фотогалерея.
Әндіжан оқиғасына - 14 жыл
![Наразылық басып-жаншылғаннан кейін Әндіжан көшелерін бақылап жүрген солдаттар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/17dac681-fb46-47ce-9c6e-83867cbaef55_w1024_q10_s.jpg)
1
Наразылық басып-жаншылғаннан кейін Әндіжан көшелерін бақылап жүрген солдаттар.
![Әскер халыққа оқ боратқан сол күнгі қақтығыс кезінде өртенген көліктердің қасынан өтіп бара жатқан Әндіжан тұрғындары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/26214c2c-39c9-4036-8549-c00cf5baf11f_w1024_q10_s.jpg)
2
Әскер халыққа оқ боратқан сол күнгі қақтығыс кезінде өртенген көліктердің қасынан өтіп бара жатқан Әндіжан тұрғындары.
![Әндіжан тұрғындары қақтығыстан қаза тапқан адамдардың мәйіттерін жинап жүр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a5df1f64-66d6-4636-b46c-3a17f031fc19_w1024_q10_s.jpg)
3
Әндіжан тұрғындары қақтығыстан қаза тапқан адамдардың мәйіттерін жинап жүр.
![Жаназаға жиналған жұрт. Тұрғындардың айтуынша, билік қаза болған кейбір адамдардың мәйіттерін жинап әкеткен. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8eb1b689-3c72-49e4-88f3-c5560aab19b9_w1024_q10_s.jpg)
4
Жаназаға жиналған жұрт. Тұрғындардың айтуынша, билік қаза болған кейбір адамдардың мәйіттерін жинап әкеткен.
![Көтерілістен кейін жүздеген адам Қырғызстан шекарасына қашқан. Қырғызстанның шекаралас ауданындағы Бараш босқындар лагерінде жүрген адамдар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f03a247f-96c9-427d-8e00-0577b73b87ef_w1024_q10_s.jpg)
5
Көтерілістен кейін жүздеген адам Қырғызстан шекарасына қашқан. Қырғызстанның шекаралас ауданындағы Бараш босқындар лагерінде жүрген адамдар.
![Чехиядағы босқындар жатақханасында тұрған әндіжандық әйел.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c994c2d2-1ea9-4489-ae1c-de0d468e17ff_w1024_q10_s.jpg)
6
Чехиядағы босқындар жатақханасында тұрған әндіжандық әйел.
![Әндіжанның 15 тұрғынына "терроризм" айыбы тағылды. Өзбекстан Жоғарғы соты, 2005 жылдың қыркүйегі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e2b8ed43-934b-45c0-b25b-ab0030c850f6_w1024_q10_s.jpg)
7
Әндіжанның 15 тұрғынына "терроризм" айыбы тағылды. Өзбекстан Жоғарғы соты, 2005 жылдың қыркүйегі.
![Әндіжан көшесінде ілініп тұрған Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың билборды. Каримов Әндіжан оқиғасын тәуелсіз тергеуге мұрсат бермеді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/66a60c8b-264c-4519-977b-fab71d0af791_w1024_q10_s.jpg)
8
Әндіжан көшесінде ілініп тұрған Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың билборды. Каримов Әндіжан оқиғасын тәуелсіз тергеуге мұрсат бермеді.
![Брюссельдегі Өзбекстан елшілігі жанында Ислам Каримовке қарсы шеру өткізіп тұрған наразылар. 2006 жылдың мамыры.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b829e219-e9ee-4e96-9fa8-d4600c155221_w1024_q10_s.jpg)
9
Брюссельдегі Өзбекстан елшілігі жанында Ислам Каримовке қарсы шеру өткізіп тұрған наразылар. 2006 жылдың мамыры.
ПІКІРЛЕР