Аңсаған Мұстафа Алакөлдің Шығыс Қазақстан жағасына барып, биылғы туристік маусымның қалай өтіп жатқаны туралы Азаттық үшін арнайы фотогалерея түсіріп әкелді.
Алакөлге саяхат
Әдемі табиғаты мен емдік қасиеті алыстағы жұрттың аңсарын тудырған Алакөлдің жағасында тұрып жатқан кейбір іскер жұрт жаз бойы суға түсуге уақыт таба алмай қалады.
![Бір тентек балақайдың киім ауыстыратын кабинаға жүгіріп барып әуесқойлық жасап жатқан сәтін түсіріп алдым. Таптырмас күлкілі кадр боп шықты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7a1e25da-17ea-47f6-840b-9c1a4c839de4_w1024_q10_s.jpg)
26
Бір тентек балақайдың киім ауыстыратын кабинаға жүгіріп барып әуесқойлық жасап жатқан сәтін түсіріп алдым. Таптырмас күлкілі кадр боп шықты.
![Киіз үйдің түндігін ашудың өзіндік бір әдісін көру бұйырды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9397ee1e-679a-48bb-97cf-6cbb2d48e8e2_w1024_q10_s.jpg)
27
Киіз үйдің түндігін ашудың өзіндік бір әдісін көру бұйырды.
![Алакөл қайран қалдырып, күн сайын түрлі әдемі көрініс сыйлап тұрды бізге.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/aa749296-8c09-44f8-b505-864e78cb24f8_w1024_q10_s.jpg)
28
Алакөл қайран қалдырып, күн сайын түрлі әдемі көрініс сыйлап тұрды бізге.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9602ce98-8abc-485f-aedb-3fc3d5a7371a_w1024_q10_s.jpg)
29
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6ebe4f06-0360-488c-b59e-9b9e5623b5d4_w1024_q10_s.jpg)
30
![Кешқұрым балалармен жапа теріп, қамыс, қураған бұта жинап, алау жағып қызықтап жүрдік.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bef0d456-8cf1-44ab-857b-d70aa6dff599_w1024_q10_s.jpg)
31
Кешқұрым балалармен жапа теріп, қамыс, қураған бұта жинап, алау жағып қызықтап жүрдік.
![Оншақты күннің ішінде әлгі қарлығаштың балапандары да өсіп қалды, ұяларына әрең сиып отыр; ұшуға талпыныс жасап қояды. Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамал бар. Мысалы: «Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады, жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады», дегендей. «Түсiңде қарлығаш көрсең, бақытқа кенелесiң» деп те жоритын болған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2f99b33f-dc77-43d3-a481-c4419856edac_w1024_q10_s.jpg)
32
Оншақты күннің ішінде әлгі қарлығаштың балапандары да өсіп қалды, ұяларына әрең сиып отыр; ұшуға талпыныс жасап қояды. Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамал бар. Мысалы: «Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады, жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады», дегендей. «Түсiңде қарлығаш көрсең, бақытқа кенелесiң» деп те жоритын болған.
![Сонымен, демалысымыз аяқталып Алматыға қарай бет алдық. Алматыдан Жарбұлаққа жетудің ең жылдам жолы - 19 маусымда ашылған "Алматы - Алакөл" пойызы екен. Негізі бұл пойыз бұрын да "Алматы - Дружба" деген атпен жүретін. Жолаушылар Жалаңашкөл стансасынан түседі де, таксимен жарты сағатта Жарбұлаққа жетеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2b7cefc9-75ba-4867-9204-d6195c703f4d_w1024_q10_s.jpg)
33
Сонымен, демалысымыз аяқталып Алматыға қарай бет алдық. Алматыдан Жарбұлаққа жетудің ең жылдам жолы - 19 маусымда ашылған "Алматы - Алакөл" пойызы екен. Негізі бұл пойыз бұрын да "Алматы - Дружба" деген атпен жүретін. Жолаушылар Жалаңашкөл стансасынан түседі де, таксимен жарты сағатта Жарбұлаққа жетеді.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/520ed616-6feb-4c4f-b3c3-ceb18e546e0a_w1024_q10_s.jpg)
34
![Пойызға мінгесін Алакөлге қимастықпен көз тігіп: «Амандық болса тағы да келерміз, көріскенше күн жақсы болсын!» деп фотоға бір тартып жібердім.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2398bd3c-25b8-4ecf-bdd2-4b2a67854f6e_w1024_q10_s.jpg)
35
Пойызға мінгесін Алакөлге қимастықпен көз тігіп: «Амандық болса тағы да келерміз, көріскенше күн жақсы болсын!» деп фотоға бір тартып жібердім.