Қазақстан астанасында ондаған көп балалы, жалғызілікті ана жиналып, баспана мәселесін шеше алмай жүргендерін айтып, билікке наразылық білдірді. Ақорда, Парламент және Үкімет үйі алдындағы алаңға жиналған аналар әуелде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығуын талап етті. Наразылармен кездесуге премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов келіп жағдайды түсіндіруге тырысса да, жиналғандар олардың сөзіне қанағаттанбады. Жиналғандар бұдан кейін президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, талаптарын жеткізді. Жиын кезінде денсаулығы нашарлаған аналардың кейбірін жедел жәрдем алып кетті. Нұр-Сұлтан. 3 мамыр, 2019 жыл.
Наразы аналар баспана талабымен алаңға жиналды
![Аналар таңғы сағат 10-нан бастап жинала бастады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1602c983-f583-4b5c-8c34-e4f3312533bd_w1024_q10_s.jpg)
1
Аналар таңғы сағат 10-нан бастап жинала бастады.
!["Алтын алқасы" мен "Күміс алқасын" тағып келген ананың бірі. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/240483d7-62b0-49e5-b261-baaef797ae23_w1024_q10_s.jpg)
2
"Алтын алқасы" мен "Күміс алқасын" тағып келген ананың бірі.
![Наразы аналардың алдына шыққан премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова (ортада) мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b712eb51-a674-4c70-80c9-da4a9949d6a5_w1024_q10_s.jpg)
3
Наразы аналардың алдына шыққан премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова (ортада) мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
![Аналар наразылығындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы).](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ff37a632-a403-4d0e-bca3-cb0ea72d25ad_w1024_q10_s.jpg)
4
Аналар наразылығындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы).
![Аналарды Ақордаға өткізбей тұрған полицейлер. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/973344ef-0cc0-4b5d-bf27-118f99c7b96c_w1024_q10_s.jpg)
5
Аналарды Ақордаға өткізбей тұрған полицейлер.
![Полицейлер наразы аналарды қоршап, өзара қолдасып алды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7f414f83-3506-4538-a73d-65b0c2333bf4_w1024_q10_s.jpg)
6
Полицейлер наразы аналарды қоршап, өзара қолдасып алды.
![Қолдасқан полицейлер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1eb244e5-4770-44ea-baaf-4f7d26c6c7db_w1024_q10_s.jpg)
7
Қолдасқан полицейлер.
![Полицейлер қатары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/db401b4a-555c-4505-b6c1-1833dce97d15_w1024_q10_s.jpg)
8
Полицейлер қатары.
![Полицейлер қоршауындағы аналар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6deb4cbb-39cd-4cd9-8c4b-a8976921b6d3_w1024_q10_s.jpg)
9
Полицейлер қоршауындағы аналар.
![Наразылыққа балаларын ертіп алып келген адамдар да болды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ab492294-75df-4d7e-b8db-14adeb858cbb_w1024_q10_s.jpg)
10
Наразылыққа балаларын ертіп алып келген адамдар да болды.
![Полицейлер аналар наразылығына басқа адамдарды өткізбеуге тырысты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/466eb9c3-c0d7-439f-b888-f605d0070799_w1024_q10_s.jpg)
11
Полицейлер аналар наразылығына басқа адамдарды өткізбеуге тырысты.
![Жиналған аналар мен оларды қоршаған полицейлер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c504f248-5071-41be-b565-aa0d2cbb03b1_w1024_q10_s.jpg)
12
Жиналған аналар мен оларды қоршаған полицейлер.
![Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен болған жиында отырған аналар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/13ee8480-d229-4af4-bfe2-6a593483129a_w1024_q10_s.jpg)
13
Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен болған жиында отырған аналар.
![Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (сол жақта) және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов наразы аналармен кездесуде отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/61a23c00-02ce-4c97-8e3c-397feffa26ed_w1024_q10_s.jpg)
14
Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (сол жақта) және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов наразы аналармен кездесуде отыр.
ПІКІРЛЕР