Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері.
Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Кемеровода өрт құрбандарын жерледі
![Туыстарының айтуынша, өрттен қаза болғандар арасында 41 бала бар](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9450f5cc-ab58-4a7d-810f-a5c273743fd0_w1024_q10_s.jpg)
1
Туыстарының айтуынша, өрттен қаза болғандар арасында 41 бала бар
![Қаралы рәсімдер қаладағы шіркеулер мен төрт зиратта өткізілді](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1e1d394a-dc33-4a52-b59f-e1a22554dd54_w1024_q10_s.jpg)
2
Қаралы рәсімдер қаладағы шіркеулер мен төрт зиратта өткізілді
![Сейсенбі күні құтқарушылар өрт болған жердегі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаған. Өртеніп кеткен ғимараттан 64 адамның сүйегі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Владлен Аксенов](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/37b8d488-5bc0-4abd-82a5-78d576e6e276_w1024_q10_s.jpg)
3
Сейсенбі күні құтқарушылар өрт болған жердегі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаған. Өртеніп кеткен ғимараттан 64 адамның сүйегі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Владлен Аксенов
![Наурыздың 25-і, жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dd1bd4f5-b676-44be-b99d-7d611c6eff17_w1024_q10_s.jpg)
4
Наурыздың 25-і, жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз
![Өртте құрбандарын ақтық сапарға шығару рәсімі](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/48d4aaa3-3966-4fb7-a619-301349ff12bf_w1024_q10_s.jpg)
5
Өртте құрбандарын ақтық сапарға шығару рәсімі
![Өрт құрбандарымен қоштасуға келгендердің көбі жылады](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b0cd1ecc-8cc7-42ea-90e7-0e02e797dfa1_w1024_q10_s.jpg)
6
Өрт құрбандарымен қоштасуға келгендердің көбі жылады
!["Зимняя вишняя" сауда орталығындағы өртте қаза болған 10 жасар Мария Агаркованы туыстары жоқтап жатыр](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3e8dd4c3-93ae-42bf-bf6a-5783a3001cda_w1024_q10_s.jpg)
7
"Зимняя вишняя" сауда орталығындағы өртте қаза болған 10 жасар Мария Агаркованы туыстары жоқтап жатыр
![Зират басындағы қоштасу](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f7071b7f-2ba7-4b49-ab4a-3e4c7f7acb62_w1024_q10_s.jpg)
8
Зират басындағы қоштасу
![Жақын адамын қара жер қойнауына тапсырар алдында марқұммен қоштасып жатқан адамдар](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9a46d801-7652-48b3-83f2-e6d41b80aaa7_w1024_q10_s.jpg)
9
Жақын адамын қара жер қойнауына тапсырар алдында марқұммен қоштасып жатқан адамдар