Демалыс күндері Херсон ауданындағы Чаплинка кентінде бірнеше жарылыс болды. Қырым блокадасы азаматтық акциясы штабы өкілдері «Қырымға электр қуатын жеткізетін желі үзілді, жөндеуге келмейді» деп хабарлады. Ресей аннексиялап алған Қырымда жексенбіге ауған түні электр қуаты өшіп қалды. Қырым билігі түбекте төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. 22 қараша күні таңертең кейбір елді мекендерге электр энергиясы берілді. Қараңғыда қалған Симферопольдегі жағдайды Азаттықтың Қырым қызметі ұсынған галереядан көре аласыз.
Қараңғыда қалған Қырым
![Украинаның Херсон облысындағы электр желісінің үзілуіне байланысты Қырым түбегі тұтас электр қуатынсыз қалды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/389d16ed-deb3-427c-94e8-6edd7a83a0bc_w1024_q10_s.jpg)
1
Украинаның Херсон облысындағы электр желісінің үзілуіне байланысты Қырым түбегі тұтас электр қуатынсыз қалды.
![Электр желісінің жарылған тіреулерінің бірі. Қырым блокадасы азаматтық акциясы белсенділері құлаған тіреуге ешкімді жібермей тұр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/651077af-ef42-4df1-b708-6513e64b3d88_w1024_q10_s.jpg)
2
Электр желісінің жарылған тіреулерінің бірі. Қырым блокадасы азаматтық акциясы белсенділері құлаған тіреуге ешкімді жібермей тұр.
![Қырымның қараңғыда қалуының себебі осы апаттан болды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b1299768-9712-40d6-8d5c-be57e4cb3f41_w1024_q10_s.jpg)
3
Қырымның қараңғыда қалуының себебі осы апаттан болды.
![Қырымдағы көптеген жанармай бекеттері клиенттеріне қызмет көрсете алмады. Тәулік бойы істейтін дәріханалар мен дүкендер де түнгі жұмысын тоқтатты. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8bd05f98-1a07-42fb-abae-17647f01c52f_w1024_q10_s.jpg)
4
Қырымдағы көптеген жанармай бекеттері клиенттеріне қызмет көрсете алмады. Тәулік бойы істейтін дәріханалар мен дүкендер де түнгі жұмысын тоқтатты.
![Қырымда көптеген мәдениет орындары, сауда орталықтары, тамақтану мекемелері күндіз де ашылмады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0acc9ae1-1af0-4c06-adf6-c624d676bba0_w1024_q10_s.jpg)
5
Қырымда көптеген мәдениет орындары, сауда орталықтары, тамақтану мекемелері күндіз де ашылмады.
![Симферопольдегі ірі сауда орталығы электр қуаты болмауына байланысты жабық тұрды. Күзетшілер дүкеннің қашан ашылатынын білмейді. Бұдан басқа да ірі супермаркеттер жабылып қалған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0287ce3a-43ca-4ded-96c0-3d5029e2aac5_w1024_q10_s.jpg)
6
Симферопольдегі ірі сауда орталығы электр қуаты болмауына байланысты жабық тұрды. Күзетшілер дүкеннің қашан ашылатынын білмейді. Бұдан басқа да ірі супермаркеттер жабылып қалған.
![Қырымдағы жанармай бекеттерінің де қызметі толық қалпына келген жоқ. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0ed7967d-56ea-4f0f-8488-f345a0ddd097_w1024_q10_s.jpg)
7
Қырымдағы жанармай бекеттерінің де қызметі толық қалпына келген жоқ.
![Мұндай шамдарды Симферополь базарларында 25-30 рубльге алуға болады (шамамен 150 теңге). Сатушылар жұртқа көп қылып алып қоюға кеңес беріп жатты. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e6581a37-65b3-4934-b624-e881fede4243_w1024_q10_s.jpg)
8
Мұндай шамдарды Симферополь базарларында 25-30 рубльге алуға болады (шамамен 150 теңге). Сатушылар жұртқа көп қылып алып қоюға кеңес беріп жатты.
![Ал севастопольдықтарға бәрінен бұрын нан керек сияқты. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9b58b35c-a7c8-471d-b6b6-078c03b0eb2d_w1024_q10_s.jpg)
9
Ал севастопольдықтарға бәрінен бұрын нан керек сияқты.
![Қырымдағы Ресей билігі көше жарықтарының энергия үнемдеу мақсатында өшірілетінін хабарлады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/400e9122-bd55-4526-8084-dfb48dd318ae_w1024_q10_s.jpg)
10
Қырымдағы Ресей билігі көше жарықтарының энергия үнемдеу мақсатында өшірілетінін хабарлады.
![Симферопольдегі Горький көшесі. Мұнда да қала көшелеріндегідей фонарьлар өшіп тұр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/52bf787d-273f-4686-93cc-1d2c4154fbc7_w1024_q10_s.jpg)
11
Симферопольдегі Горький көшесі. Мұнда да қала көшелеріндегідей фонарьлар өшіп тұр.
![Симферопольдегі Карл Маркс көшесі. Бұрын бұл көше түнде самаладай жарық болып тұратын. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a4ca2624-6139-44f7-a758-9d12d670b787_w1024_q10_s.jpg)
12
Симферопольдегі Карл Маркс көшесі. Бұрын бұл көше түнде самаладай жарық болып тұратын.
![Симферополь көшелерінің кейбіріне дүкен терезелеріндегі шамдардың жарығы түсіп тұр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1574c2fc-b868-485e-bbce-744eb39dc6f5_w1024_q10_s.jpg)
13
Симферополь көшелерінің кейбіріне дүкен терезелеріндегі шамдардың жарығы түсіп тұр.
![Симферопольдегі банктер мен олардың бөлімшелері жарықпен қамтамасыз етілген және күзеттері күшейтілген. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7745f585-6767-495c-8d0d-f2d8d2771ceb_w1024_q10_s.jpg)
14
Симферопольдегі банктер мен олардың бөлімшелері жарықпен қамтамасыз етілген және күзеттері күшейтілген.
![Сатушылар тауарларын жұртқа шам жарығымен көрсететін болған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6e13061b-0817-4d62-8918-42c9496ff7f1_w1024_q10_s.jpg)
15
Сатушылар тауарларын жұртқа шам жарығымен көрсететін болған.
![Саудасын шам жарығымен жүргізіп тұрған Симферопольдегі сатушы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ea4efc1c-dab3-4eab-9c3f-e9cbd782d906_w1024_q10_s.jpg)
16
Саудасын шам жарығымен жүргізіп тұрған Симферопольдегі сатушы.
![Қырым үкіметі ғимаратына жарық беріп тұратын құрылғылар қуатпен қамтамасыз етілген. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e21aa2c4-b3e9-4f2c-9b96-fe67af62f306_w1024_q10_s.jpg)
17
Қырым үкіметі ғимаратына жарық беріп тұратын құрылғылар қуатпен қамтамасыз етілген.