Сібірдің шалғайдағы қиырында – Хакасиядағы Саян тауларының батысында Агафья Лыкова қоғамнан саяқ өмір кешіп жатыр. Оның отбасы тайгаға Агафья дүниеге келмей тұрып, Иосиф Сталин басқарған совет өкіметінің діни ағымдарға қарсы жүргізген қуғын-сүргін саясатынан қашып барған. Осыдан отыз жыл бұрын әкесі дүние салғаннан кейін Агафья Лыкова жалғыз өзі қалған. Ол тұратын жерге ең жақын деген ауылға жаяулатып екі аптада жетуге болады. Жапан далада жалғыз өзі тіршілік етіп жатқан Агафья электр мен байланыс құралдарын, сіріңке, дәрі-дәрмек сияқты заттарды пайдаланбайды. Азаттық 2015 жылы қазан айының басында әзірленген фоторепортажды ұсынады.
Агафья Лыкованың тайгадағы өмірі
![Агафья Лыкова тұратын жерге ең жақын деген ауылға жаяулатып екі аптада жетуге болады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/194d6a73-ed1b-4ef4-860d-33831649aef0_w1024_q10_s.jpg)
1
Агафья Лыкова тұратын жерге ең жақын деген ауылға жаяулатып екі аптада жетуге болады.
![Агафья Лыкова 1945 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1944 жылы) дүниеге келген, содан бері ол тайгадан шықпай өмір сүріп жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/52cc0df6-d701-40de-bbce-29676c99720a_w1024_q10_s.jpg)
2
Агафья Лыкова 1945 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1944 жылы) дүниеге келген, содан бері ол тайгадан шықпай өмір сүріп жатыр.
![Саян тауы етегіндегі Абакан өзені.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/712c2f70-8959-4b00-86ec-2651c5475ed0_w1024_q10_s.jpg)
3
Саян тауы етегіндегі Абакан өзені.
![Тайгадағы үйі жанында Агафья Лыкованың әзірлеп қойған отын ағаштары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c8f89e10-2c8c-4f69-b54f-c269326a00f8_w1024_q10_s.jpg)
4
Тайгадағы үйі жанында Агафья Лыкованың әзірлеп қойған отын ағаштары.
![Агафья Абакан өзенінің жарқабағындағы кішкентай жерге егетін картоп, сәбіз, шалқан, пияз және басқа да жеміс-жидек пен көкөністі азық етіп, өмір сүреді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a62f897f-873f-4619-8ed8-6082c8c15916_w1024_q10_s.jpg)
5
Агафья Абакан өзенінің жарқабағындағы кішкентай жерге егетін картоп, сәбіз, шалқан, пияз және басқа да жеміс-жидек пен көкөністі азық етіп, өмір сүреді.
![Сібірдегі ну орман арасында тұрған үй.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/15f689e9-fd03-4aaf-8cbd-f1695fe4beb5_w1024_q10_s.jpg)
6
Сібірдегі ну орман арасында тұрған үй.
![Агафья Лыкова құлаған ағаштың үстімен өзеннің арғы бетіне өтіп барады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7744db36-439b-427b-89cd-58e3e28b0c6d_w1024_q10_s.jpg)
7
Агафья Лыкова құлаған ағаштың үстімен өзеннің арғы бетіне өтіп барады.
![Саян тауы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3024d70f-2342-45c0-a03b-4b43d568fd3e_w1024_q10_s.jpg)
8
Саян тауы.
![Агафья Лыкова тұратын жерге тек тікұшақпен жетуге болады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bb496632-3bba-431a-8c2e-ee49619b8ad9_w1024_q10_s.jpg)
9
Агафья Лыкова тұратын жерге тек тікұшақпен жетуге болады.
![Саян тауы етегіндегі Агафья Лыкованың үйіне жақын жерге құлаған ресейлік «Протон» зымыранының бөлшегі. Бұл жер Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғайтын зымырандар ұшып өтетін жолда жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6a9e7c29-d124-48e6-95d3-af589befc34f_w1024_q10_s.jpg)
10
Саян тауы етегіндегі Агафья Лыкованың үйіне жақын жерге құлаған ресейлік «Протон» зымыранының бөлшегі. Бұл жер Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғайтын зымырандар ұшып өтетін жолда жатыр.