Түркияның Стамбул қаласында халықаралық этноспорт мәдениеті фестивалі өтіп жатыр. Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы аясында осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль бағдарламасында көкпар, тоғызқұмалақ, күрес, жамбы ату, асық тәрізді көшпенділердің ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтеді.
Стамбулдағы этноспорт фестивалі
![Стамбулдағы көшпенділер ойындарына Ауғанстан, Иран, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан мен Моңғолия - барлығы 14 елден 800-ден аса спортшы қатысып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/543a5d4e-c6f4-40cb-9ff1-e5156a0444b2_w1024_q10_s.jpg)
1
Стамбулдағы көшпенділер ойындарына Ауғанстан, Иран, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан мен Моңғолия - барлығы 14 елден 800-ден аса спортшы қатысып жатыр.
![Бұл жолғы этноспорт фестивалінде 13 ұлттық спорт түрінен жарыстар өткізіледі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fdf8668a-b7a0-4757-9ec7-55991baf8b91_w1024_q10_s.jpg)
2
Бұл жолғы этноспорт фестивалінде 13 ұлттық спорт түрінен жарыстар өткізіледі.
![Түркиядағы фестиваль Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының қолдауымен осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/df7aa85c-2740-4fa7-bb33-e33b12e5f5b7_w1024_q10_s.jpg)
3
Түркиядағы фестиваль Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының қолдауымен осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
![Стамбулдағы жарысқа қатысып жатқан Қырғызстан спортшылары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9c036c7b-8c99-46f7-b933-da125890de03_w1024_q10_s.jpg)
4
Стамбулдағы жарысқа қатысып жатқан Қырғызстан спортшылары.
![Қырғыз спортшылары көкпар, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ордо (асық) тәрізді ұлттық ойындарынан жарыстарға қатысады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2a708654-dfa8-4e02-ac50-104e7e8d7cb0_w1024_q10_s.jpg)
5
Қырғыз спортшылары көкпар, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ордо (асық) тәрізді ұлттық ойындарынан жарыстарға қатысады.
![Стамбулдағы ұлттық ойын түрлерінен жарысқа қатысушы Моңғолия спортшылары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ada8a4be-c4d0-4539-ad75-44a84b3ec7ea_w1024_q10_s.jpg)
6
Стамбулдағы ұлттық ойын түрлерінен жарысқа қатысушы Моңғолия спортшылары.
![Фестивальдің ашылу бағдарламасында ат құлағында ойнаған қырғыз шабандоздарының өнері көрерменді тәнті етті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c5dda432-56ed-4781-bb94-8fd2c2d020f5_w1024_q10_s.jpg)
7
Фестивальдің ашылу бағдарламасында ат құлағында ойнаған қырғыз шабандоздарының өнері көрерменді тәнті етті.
![Жарыс өтіп жатқан жерге қырықтан аса киіз үй тігілді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/60434d4f-d1fd-436a-abbb-de596128db6b_w1024_q10_s.jpg)
8
Жарыс өтіп жатқан жерге қырықтан аса киіз үй тігілді.
![Стамбулдағы этномәдениет фестиваліне қатысушы қырғыз бойжеткені.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/323cf4fe-d746-4525-8624-302b3764be23_w1024_q10_s.jpg)
9
Стамбулдағы этномәдениет фестиваліне қатысушы қырғыз бойжеткені.
![Халықаралық фестиваль қонақтары көшпенділердің ұлттық тағам түрлерінен де дәм татты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/872c1462-41e0-4abb-bc20-9eb91465c829_w1024_q10_s.jpg)
10
Халықаралық фестиваль қонақтары көшпенділердің ұлттық тағам түрлерінен де дәм татты.
![Фестиваль кезінде өнер көрсетіп жатқан түрік жастары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/97af223a-5adc-49b7-a00a-5b4bff6112f2_w1024_q10_s.jpg)
11
Фестиваль кезінде өнер көрсетіп жатқан түрік жастары.
![Этноспорт фестивалінің ашылуына қатысқан ұлттық киімдегі қыз-келіншек.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7c15ca0a-ef13-4540-8d13-6530a06d750e_w1024_q10_s.jpg)
12
Этноспорт фестивалінің ашылуына қатысқан ұлттық киімдегі қыз-келіншек.
![Қырғыздың ұлттық киімін киген әйел.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/625c23b6-c3ba-410d-ab20-64a35b44f3ac_w1024_q10_s.jpg)
13
Қырғыздың ұлттық киімін киген әйел.
![Стамбулдағы этномәдениет фестиваліне қатысушылар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/661cf94e-53bf-4b26-a125-6db526f55ef6_w1024_q10_s.jpg)
14
Стамбулдағы этномәдениет фестиваліне қатысушылар.
![Киіз үйлердің маңында жүрген фестиваль қонақтары.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0e2c2feb-8753-4b23-87ee-e851ebb6309f_w1024_q10_s.jpg)
15
Киіз үйлердің маңында жүрген фестиваль қонақтары.
![Ағаш тақтаймен жарысып жатқан балалар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/27d057d3-00be-4c80-8b0f-a5b7e8d3b5d7_w1024_q10_s.jpg)
16
Ағаш тақтаймен жарысып жатқан балалар.
![Этномәдениет фестивалінде 13 елден келген аспаздар әзірлеген ұлттық тағам түрлері ұсынылды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ce1259fa-b0ce-4eef-915a-f79a2a8454e4_w1024_q10_s.jpg)
17
Этномәдениет фестивалінде 13 елден келген аспаздар әзірлеген ұлттық тағам түрлері ұсынылды.
![Ұлттық киім киген әйелдер селфиге түсіп тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/351e0416-e0a8-4cb6-aadf-e045e3257271_w1024_q10_s.jpg)
18
Ұлттық киім киген әйелдер селфиге түсіп тұр.