Азаттық "Ташкенттегі қазақ ауылдары" сериясының аясында паркенттік қазақ отбасы туралы Умида Ахмедованың фотогалереясын ұсынады. Суреттер биыл 16 қаңтар күні түсірілген.
Паркенттік қазақ отбасы
![Ташкенттен 50 шақырымдай жерде тұрған Паркент шаһарының бір көрінісі осындай. Бұл қала бүкіл Өзбекстанға жүзімімен танымал. Ауданда негізінен мал шаруашылығымен айналысып, қырда тұрған қазақтардың кейбірі 1980-жылдардың басынан бері қалаға орныға бастаған. Солардың бірі - Төлеген Жұраев ақсақалдың отбасы. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a4981812-2e77-4a2d-892e-02cd086b1151_w1024_q10_s.jpg)
1
Ташкенттен 50 шақырымдай жерде тұрған Паркент шаһарының бір көрінісі осындай. Бұл қала бүкіл Өзбекстанға жүзімімен танымал. Ауданда негізінен мал шаруашылығымен айналысып, қырда тұрған қазақтардың кейбірі 1980-жылдардың басынан бері қалаға орныға бастаған. Солардың бірі - Төлеген Жұраев ақсақалдың отбасы.
![Жасы жетпістің ортасындағы Төлеген ақсақалдың сөзінше, оның отбасы 1980-жылдардың ортасына дейін мал баққан. Бірте-бірте өлкедегі климат өзгеріп, жайылымдарда су азаяды. Сол себепті Жұраев отбасы 1986 жылы Бесқасқа деген жерден аудан орталығы Паркентке қоныс аударады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/26c8f213-81f8-409e-842c-f1f6fa5a1388_w1024_q10_s.jpg)
2
Жасы жетпістің ортасындағы Төлеген ақсақалдың сөзінше, оның отбасы 1980-жылдардың ортасына дейін мал баққан. Бірте-бірте өлкедегі климат өзгеріп, жайылымдарда су азаяды. Сол себепті Жұраев отбасы 1986 жылы Бесқасқа деген жерден аудан орталығы Паркентке қоныс аударады.
![Төлеген ақсақалдың жары Өлмес апа үш ұл мен бірнеше қыз өсіріп, бәрін үйлендіріп, ұзатқан.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/aec887d8-de15-4aaf-be9c-64c2c43106c3_w1024_q10_s.jpg)
3
Төлеген ақсақалдың жары Өлмес апа үш ұл мен бірнеше қыз өсіріп, бәрін үйлендіріп, ұзатқан.
![Ата мен әже кенже ұлдарының қолында осы үйде тұрады. Қалған екі ұлы да алыс кетпей, отбасыларымен көрші үйлерде тұрып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/4aec8b1a-2acb-4a9c-8cfd-e4cbca469cfc_w1024_q10_s.jpg)
4
Ата мен әже кенже ұлдарының қолында осы үйде тұрады. Қалған екі ұлы да алыс кетпей, отбасыларымен көрші үйлерде тұрып жатыр.
![Үйдің ішкі ауласы гараж да бола береді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/425eabe0-cdfc-41d0-a12d-ac9a7c88343f_w1024_q10_s.jpg)
5
Үйдің ішкі ауласы гараж да бола береді.
![Төлеген ақсақал әлі де үйінде жылқы, азды-көпті мал ұстайды. Мына атқа мініп тұрған ұл бала - ақсақалдың үлкен ұлынан көрген немересі Жақия.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/38af11a4-7884-4b31-a7f4-aa6c0288ec38_w1024_q10_s.jpg)
6
Төлеген ақсақал әлі де үйінде жылқы, азды-көпті мал ұстайды. Мына атқа мініп тұрған ұл бала - ақсақалдың үлкен ұлынан көрген немересі Жақия.
![Төлеген ата мен Өлмес апаның үлкен келіндері Зухра.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0e9ddae0-5e20-4d6d-945c-2ba8328ff4ba_w1024_q10_s.jpg)
7
Төлеген ата мен Өлмес апаның үлкен келіндері Зухра.
![Келіндердің қамыр илеп, нан пісіріп жатқан сәті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0cfcd6ca-b48a-458c-aaeb-e1e8eb4e77b7_w1024_q10_s.jpg)
8
Келіндердің қамыр илеп, нан пісіріп жатқан сәті.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9c3670ee-c838-40ee-9ff8-74a3c2769895_w1024_q10_s.jpg)
9
![Гүлжаухар - осы үйдің кенже келіні. Төлеген ақсақал әңгіме үстінде "үш келінді де қазақтан алдық" деді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e920abf6-cd9a-48f3-ba1a-43e9dde7ee26_w1024_q10_s.jpg)
10
Гүлжаухар - осы үйдің кенже келіні. Төлеген ақсақал әңгіме үстінде "үш келінді де қазақтан алдық" деді.
![Шөпқораның бір түрі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1f18992d-73f3-4030-9b23-d1d47eaf63a4_w1024_q10_s.jpg)
11
Шөпқораның бір түрі.
![Өзбекше салынған тандыр пеш - бұл үйдің де ең қажет тұрмыс құралы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b365a411-8088-419c-8fcd-7a8707202c68_w1024_q10_s.jpg)
12
Өзбекше салынған тандыр пеш - бұл үйдің де ең қажет тұрмыс құралы.
![Ақсақалдың кенже ұлы Мұраттан көрген бой жете бастаған немерелері шешелеріне ас пісіруге көмектесіп отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/202f82f1-eab1-4359-8a2f-dd36f6a23b9d_w1024_q10_s.jpg)
13
Ақсақалдың кенже ұлы Мұраттан көрген бой жете бастаған немерелері шешелеріне ас пісіруге көмектесіп отыр.
![Көрпе-жастық, жүк жинау.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/29eb79a0-5d8e-4df3-beac-211d6f2c50ad_w1024_q10_s.jpg)
14
Көрпе-жастық, жүк жинау.
![Жұпынылау жиһазды, артық заты жоқ үй мұнтаздай таза.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0a2779c5-eb57-4d60-99a5-75f34d16e803_w1024_q10_s.jpg)
15
Жұпынылау жиһазды, артық заты жоқ үй мұнтаздай таза.
![Жұма намазына шығар алдында Төлеген ақсақал бүкіл отбасымен бірге суретке түсіруге рұқсат етті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/77d6f4b8-e063-4400-b195-597602946d66_w1024_q10_s.jpg)
16
Жұма намазына шығар алдында Төлеген ақсақал бүкіл отбасымен бірге суретке түсіруге рұқсат етті.
![Ақсақалдың ортаншы ұлы Бөрібай апта сайынғы әдетіне сай көлігімен әкесін жұма намазға алып кетті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d5e4a419-7e9a-4cdc-904e-d732c0dc5f6e_w1024_q10_s.jpg)
17
Ақсақалдың ортаншы ұлы Бөрібай апта сайынғы әдетіне сай көлігімен әкесін жұма намазға алып кетті.
![1998 жылы қажылыққа барып қайтқан Төлеген ақсақалды Паркенттің үлкен-кішісі сыйлап тұрады. Мына суретте оны демеп тұрған - кенже ұлы Мұрат.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e5bc344f-24c5-425f-b6cf-49175ec8b939_w1024_q10_s.jpg)
18
1998 жылы қажылыққа барып қайтқан Төлеген ақсақалды Паркенттің үлкен-кішісі сыйлап тұрады. Мына суретте оны демеп тұрған - кенже ұлы Мұрат.
![Паркенттің орталық мешітіндегі жұма намазынан көрініс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8f48a64a-b465-4890-a01e-16394e3a8744_w1024_q10_s.jpg)
19
Паркенттің орталық мешітіндегі жұма намазынан көрініс.
![Жастайынан мал бағып өскен, әлі күнге дейін көкпар тартуға қатысатын палуан денелі Төлеген ақсақал отбасының амандығын тілеп отырады. Паркент қазақтарының тілі мен салт-дәстүрін сақтап қалуға ерекше мән беретіні байқалады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/583673a0-1ea9-4afd-8b2e-ff0f98d4a808_w1024_q10_s.jpg)
20
Жастайынан мал бағып өскен, әлі күнге дейін көкпар тартуға қатысатын палуан денелі Төлеген ақсақал отбасының амандығын тілеп отырады. Паркент қазақтарының тілі мен салт-дәстүрін сақтап қалуға ерекше мән беретіні байқалады.