Біреуін өшіріп тастаса, басқаларын бояған, бүлдірген, үстінен басқа сурет жапсырған. Кабулды тәліптер басып алғалы көше жарнамаларындағы әйел бейнесі осылай жойылып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жасыруды өтінген фрилансер фотограф түсірген суреттерден ауған астанасының бүгінгі келбетін көруге болады.
Кабул көшелерінде әйел бейнесі жоғалып барады
![Сайлаушы әйелдің суреті бейнеленген мурал. Әйелдің бетіне баллонмен бояу шашып тастаған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7931f9c7-29c0-4a22-babf-864123a5904b_w1024_q10_s.jpg)
1
Сайлаушы әйелдің суреті бейнеленген мурал. Әйелдің бетіне баллонмен бояу шашып тастаған.
![Сұлулық салонының есігі тарс жабық, сыртындағы әйел суреттерін бояп тастаған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл бизнеспен негізінен әйелдер айналысқан. Кей жағдайда салон иелерінің туыстары тәліптерден қорқып, өздері-ақ суреттердің көзін құртқан.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dc12f4c1-0b9c-4648-bb8c-049b5c170be1_w1024_q10_s.jpg)
2
Сұлулық салонының есігі тарс жабық, сыртындағы әйел суреттерін бояп тастаған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл бизнеспен негізінен әйелдер айналысқан. Кей жағдайда салон иелерінің туыстары тәліптерден қорқып, өздері-ақ суреттердің көзін құртқан.
![Кабулдың Шар-э-Нау ауданындағы жабық тұрған сұлулық салоны](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6cf31bc5-a7e9-4ea9-ac4f-4e6c10221aa4_w1024_q10_s.jpg)
3
Кабулдың Шар-э-Нау ауданындағы жабық тұрған сұлулық салоны
![Сауда үйінің кіреберісіндегі беті боялған әйел суреті](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b443afb6-5f0e-4772-ad4f-8e8306317a0a_w1024_q10_s.jpg)
4
Сауда үйінің кіреберісіндегі беті боялған әйел суреті
![Америкалық қару ұстаған «Талибан» өкілі Шар-э-Наудағы аэрозоль бояумен бүлдірілген сұлулық салоны афишасының тұсынан өтіп барады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dc1ef7ae-afad-4026-b6d7-30c97aab8069_w1024_q10_s.jpg)
5
Америкалық қару ұстаған «Талибан» өкілі Шар-э-Наудағы аэрозоль бояумен бүлдірілген сұлулық салоны афишасының тұсынан өтіп барады.
![Әйел құқықтары мен сөз бостандығы тақырыбына арналған мурал. Әйелдердің беттері боялған. Болжам бойынша, бұл сияқты суреттерді тәліптер мен олардың дүниетанымын қолдайтын адамдар бүлдіріп тастаған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/465502f3-abac-4e0e-9349-f6b4fe9d9d61_w1024_q10_s.jpg)
6
Әйел құқықтары мен сөз бостандығы тақырыбына арналған мурал. Әйелдердің беттері боялған. Болжам бойынша, бұл сияқты суреттерді тәліптер мен олардың дүниетанымын қолдайтын адамдар бүлдіріп тастаған.
![Жұмысшылар әйел бейнеленген муралды бояп жатыр. Артынша олар бұл дуалға түрлі ұран жазып, тәліптерді қолдайтын суреттер салды. Суретшілердің айтуынша, оларды тәліптер жалдаған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/76a6ec13-37f8-4744-80da-ec7c06031013_w1024_q10_s.jpg)
7
Жұмысшылар әйел бейнеленген муралды бояп жатыр. Артынша олар бұл дуалға түрлі ұран жазып, тәліптерді қолдайтын суреттер салды. Суретшілердің айтуынша, оларды тәліптер жалдаған.
![Әйел бейнесі біртіндеп жоғалып барады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9a879465-fbd5-4ddd-9bbd-53b2a3808a93_w1024_q10_s.jpg)
8
Әйел бейнесі біртіндеп жоғалып барады.
![Дуал ақ түске боялып, оған «Ислам жүйесі мен тәуелсіздік үшін қиындықты жеңіп, сабырлы болайық» деп жазылған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ff46526c-0296-486c-b47e-7a56727f7dcd_w1024_q10_s.jpg)
9
Дуал ақ түске боялып, оған «Ислам жүйесі мен тәуелсіздік үшін қиындықты жеңіп, сабырлы болайық» деп жазылған.
![Киім-кешек базарында жарнама суреттеріндегі әйелдердің бет-жүзін бояп тастаған](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/88deb440-9fa9-4fe6-82de-195e03c9ab8b_w1024_q10_s.jpg)
10
Киім-кешек базарында жарнама суреттеріндегі әйелдердің бет-жүзін бояп тастаған
![Сұлулық салонының сыртқы көрінісі. Кісі қолы жететін жерде тұрған жарнама суреттері фольгамен жабылған](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a0e56fe4-0268-46d3-826f-0ad375d3188a_w1024_q10_s.jpg)
11
Сұлулық салонының сыртқы көрінісі. Кісі қолы жететін жерде тұрған жарнама суреттері фольгамен жабылған
![Шар-э-Наудағы сұлулық салонының сыртқы көрінісі](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d2321eed-c730-4233-bff2-72a37e4e5995_w1024_q10_s.jpg)
12
Шар-э-Наудағы сұлулық салонының сыртқы көрінісі
![Кабулдағы жекеменшік университеттің дәрісханасындағы студенттер. «Талибан» жігіттер мен қыздардың аралас отыруына тыйым салды. Кабулда түсірілген басқа суреттерде ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызып, ортасына перде тұтып қойған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/70ca8a01-fca8-47f2-88b8-c19631096ddf_w1024_q10_s.jpg)
13
Кабулдағы жекеменшік университеттің дәрісханасындағы студенттер. «Талибан» жігіттер мен қыздардың аралас отыруына тыйым салды. Кабулда түсірілген басқа суреттерде ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызып, ортасына перде тұтып қойған.