Буэнес-Айресте (Аргентина) жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан 4 алтын, 3 күміс, 3 қоламен жалпы есепте 14-орын алды. Бірінші орынды Ресей (29 алтын), екінші орынды Қытай (17 алтын), үшінші орынды Жапония (15 алтын) иеленді. Орталық Азия елдерінен Өзбекстан 15-орын (4-4-6), Қырғызстан 68-орын (0-2-1) алды. Түркіменстан мен Тәжікстан жүлдесіз қалды.
Қазақстанның 10 жүлдесі
![16 жастағы Диас Бахраддин каноэ есуден жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/71f94568-b7bd-41ee-bdc7-9cdcd76b3aff_w1024_q10_s.jpg)
1
16 жастағы Диас Бахраддин каноэ есуден жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды.
![18 жастағы боксшы Айбек Оралбай 91 келі салмақтың финалында алжирлік Амини Хасидті жеңіп, чемпион атанды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f2ec941a-4bea-42fe-80fd-03c7a1bd9f2e_w1024_q10_s.jpg)
2
18 жастағы боксшы Айбек Оралбай 91 келі салмақтың финалында алжирлік Амини Хасидті жеңіп, чемпион атанды.
![17 жастағы Бекарыс Садуақас (сары формада) финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңіп, алтын алды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/67073555-191d-4052-9408-915929db2bba_w1024_q10_s.jpg)
3
17 жастағы Бекарыс Садуақас (сары формада) финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңіп, алтын алды.
![Велоспорттан Қазақстан ұлдар құрамасы (Глеб Брусенский мен Евгений Федоров) командалық жарыста жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы атанды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5cdc422f-4907-4ece-aff2-4b8768cecbfd_w1024_q10_s.jpg)
4
Велоспорттан Қазақстан ұлдар құрамасы (Глеб Брусенский мен Евгений Федоров) командалық жарыста жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы атанды.
![Глеб Брусенский мәреге жеткен сәт. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/78678ec5-6cce-423e-9a9c-dc60b0db3db8_w1024_q10_s.jpg)
5
Глеб Брусенский мәреге жеткен сәт.
![Бокстан +91 келіде Дамир Тойбай (сары формада) финалда ресейлік Алексей Дроновтан жеңіліп, күміс жүлде иеленді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/251b547c-259b-4932-be1c-0d6326305c5f_w1024_q10_s.jpg)
6
Бокстан +91 келіде Дамир Тойбай (сары формада) финалда ресейлік Алексей Дроновтан жеңіліп, күміс жүлде иеленді.
![Бокстан 64 келіде Талғат Шайкен (сары формада) финалда ресейлік қарсыласы Илья Поповтан жеңіліп, күміс медаль алды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9ef0f2af-585f-4820-94fb-f6f4b0b4bc2e_w1024_q10_s.jpg)
7
Бокстан 64 келіде Талғат Шайкен (сары формада) финалда ресейлік қарсыласы Илья Поповтан жеңіліп, күміс медаль алды.
![Талғат Шайкен (көк формада) финалда ресейлік Илья Поповпен бокстасып жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/031d972d-8ec0-4d9d-83c4-b30e703b6db5_w1024_q10_s.jpg)
8
Талғат Шайкен (көк формада) финалда ресейлік Илья Поповпен бокстасып жатыр.
![Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко (сары формада) финалда Германия спортшысы Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2713c970-c802-4b08-8cee-0a19d3d93334_w1024_q10_s.jpg)
9
Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко (сары формада) финалда Германия спортшысы Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды.
![Каратэден 68 келіде Әбілмансұр Батырғали (көк қолғапта) - жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d1b07174-58a5-45f7-a6a2-18bb8911f8a6_w1024_q10_s.jpg)
10
Каратэден 68 келіде Әбілмансұр Батырғали (көк қолғапта) - жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері.
![Бокстан қыздар арасында 75 келіде Надежда Рябец (18 жаста) жасөспірімдер олимпиадасының қоласын иеленді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/43198ce3-c7f6-4e3e-8c16-fab497c12a19_w1024_q10_s.jpg)
11
Бокстан қыздар арасында 75 келіде Надежда Рябец (18 жаста) жасөспірімдер олимпиадасының қоласын иеленді.
![Қыздар арасындағы байдарка есу жарысында қазақстандық Стелла Суханова (сары формада) қола жүлдегер атанды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/cd1f555f-bf0d-48ac-a77c-93d592c0fd00_w1024_q10_s.jpg)
12
Қыздар арасындағы байдарка есу жарысында қазақстандық Стелла Суханова (сары формада) қола жүлдегер атанды.
ПІКІРЛЕР