Осы күндері Парижде (Франция) теннистен Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Roland Garros турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бұл жарыстың ширек финалына дейін жетті. Roland Garros әлемдегі ең ірі төрт теннис жарысының қатарына енеді. 27 мамырда басталған жарыс 10 маусымда аяқталады.
Теннисші Путинцева - ширек финалда
![Юлия Путинцева (әлемнің 93-ракеткасы) төртінші айналымда чехиялық Барбора Стрыцованы (26-ракетка) 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Париж, 3 маусым 2018 жыл. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/39c49207-7fdb-462b-abbf-fe1bdd9e2501_w1024_q10_s.jpg)
1
Юлия Путинцева (әлемнің 93-ракеткасы) төртінші айналымда чехиялық Барбора Стрыцованы (26-ракетка) 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Париж, 3 маусым 2018 жыл.
![Қазақстандық теннисші Стрыцовамен матч кезінде. Путинцева карьерасында екінші рет Roland Garros жарысының ширек финалына шықты. 2016 жылғы ширек финалда америкалық Серена Уильямстан жеңілген. Париж, 3 маусым 2018 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/61251757-31dc-4794-b5c3-51785369a997_w1024_q10_s.jpg)
2
Қазақстандық теннисші Стрыцовамен матч кезінде. Путинцева карьерасында екінші рет Roland Garros жарысының ширек финалына шықты. 2016 жылғы ширек финалда америкалық Серена Уильямстан жеңілген. Париж, 3 маусым 2018 жыл.
![Чехиялық Барбора Стрыцова Путинцевамен ойнап жатқан сәт. Париж, 3 маусым 2018 жыл. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f163e65e-3c27-4c76-a937-e26f0b97025b_w1024_q10_s.jpg)
3
Чехиялық Барбора Стрыцова Путинцевамен ойнап жатқан сәт. Париж, 3 маусым 2018 жыл.
![Путинцева 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2009-2012 жылдары Ресей атынан жарыстарға қатысқан. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/11103d54-5119-446d-80c6-6403f0b16dbc_w1024_q10_s.jpg)
4
Путинцева 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2009-2012 жылдары Ресей атынан жарыстарға қатысқан.
![Путинцева ширек финалға шыққан сәт. Ол 5 маусымда америкалық Мэдисон Кизбен (әлемнің 13-ракеткасы) кездесіп, екі сетте жеңілді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/063174b8-3d6d-49b4-8404-2732e3f7decf_w1024_q10_s.jpg)
5
Путинцева ширек финалға шыққан сәт. Ол 5 маусымда америкалық Мэдисон Кизбен (әлемнің 13-ракеткасы) кездесіп, екі сетте жеңілді.
![Путинцева үшінші айналымда қытайлық Ван Цянды (85) жеңген - 1:6, 7:5, 6:4. Париж, 1 маусым 2018 жыл. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dce91809-a924-4e90-baea-033de2306810_w1024_q10_s.jpg)
6
Путинцева үшінші айналымда қытайлық Ван Цянды (85) жеңген - 1:6, 7:5, 6:4. Париж, 1 маусым 2018 жыл.
![Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы бұританиялық Джоанна Контаны (суретте), екінші айналымда америкалық Дженифер Брэдиді (86) жеңген. Париж, 27 мамыр 2018 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/10e63b17-440b-4b6d-bf26-a9d5eb0479a7_w1024_q10_s.jpg)
7
Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы бұританиялық Джоанна Контаны (суретте), екінші айналымда америкалық Дженифер Брэдиді (86) жеңген. Париж, 27 мамыр 2018 жыл.
![Путинцева ширек финалда америкалық Мэдисон Кизден (әлемнің 13-ракеткасы) екі сетте жеңіліп, жарысты аяқтады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1e09a95a-9010-4e76-bfab-37a21778b638_w1024_q10_s.jpg)
8
Путинцева ширек финалда америкалық Мэдисон Кизден (әлемнің 13-ракеткасы) екі сетте жеңіліп, жарысты аяқтады.
![Қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс екінші айналымда жапониялық Наоми Осакадан (20) жеңілді. Париж, 28 мамыр 2018 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/aee1f01c-beaa-4665-86ca-7b0c0629754c_w1024_q10_s.jpg)
9
Қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс екінші айналымда жапониялық Наоми Осакадан (20) жеңілді. Париж, 28 мамыр 2018 жыл.
ПІКІРЛЕР