АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Кэрри «Ресей президентінің сөзі шындыққа қиыспайды» дейді. Төменде Путиннің өзіне ыңғайлап айтқан сөздерінің кейбірі талданды.
1. «Қырымды аннексиялау – орынды қадам»
Соңғы мың жыл ішінде бірнеше империяның көзін қызықтырған Қырым ешқашан
Референдумнан соң СССР туын ұстап тұрған адам. Симферополь, 17 наурыз 2014 жыл.
ешбір елдің ажырамас бөлігі болып көрген емес. Ресей оны Осман империясынан 18-ғасырдың соңында тартып алған. Түбек кейін Украинаға өткенше - Совет Одағы кезіндегі Ресей құрамында 37 жыл болды.Тіпті наурыздың 16-сы күні өткен референдумға Қырым халқының (көпшілігі этникалық орыстар болғанынан қарамастан) 40 пайызы ғана қатыстып, оның 97 пайызы Ресейге қосылуға дауыс берді. Қырымның қазір этникалық азшылық болып отырған автохтонды халқы – қырым татарлары референдумға бойкот жариялады. Украиндардың да көбі осылай етті. Билік қырым татарларына әлден-ақ қысым көрсете бастады. Бір татар азамат Ресейдің түбекті қосып алуына қарсы пікір білдіргені үшін азапталып өлтірілді.
2. «Қаралы кездер болды, бірақ ол барлығына қаралы болды»
Бұны үзілді-кесілді жалған деуге болмайды, бірақ бұл – қисынсыз логикаға
Ресейдің Қырымдағы әрекетіне қарсы болған соң біреулер өлтіріп кеткен қырым татары Решат Әметовтің жерлеу. Симферополь, 18 наурыз 2014 жыл.
сүйенген сөз. 1944 жылы Кремль Қырымның түпкілікті халқы татарларға «нацистермен байланыс орнатты» деген жалған жала жауып, бір түн ішінде жер аударып жіберді. Олардың орнына этникалық орыстарды қоныстандыра бастады. Қырым татарларының көбі жолда аштық пен аурудан көз жұмды. Олар отандарына қайта оралған кезде жағымсыз азшылық ретінде қабылданды.Депортацияға 200 мыңнан аса қырым татары ұшырады. Бұл – Иосиф Сталиннің кезінде қырылған 20 миллион адаммен – кулактармен, поляктармен, Балтық теңізі жағалауының халықтарымен, Еділ немістерімен, шешендермен, ингуштармен, қалмақтармен, балқарлармен, месхет түріктерімен, корейлермен, құрбандар саны бойынша татарлардан асып түсетін орыстармен – салыстырғанда аз екені рас.
3. «Ресей этникалық азшылықтардың қамын ойлайды»
Советтік дәуірдегі этникалық депортациялардан (оның ішінде 1944 жылғы қырым
Ресей президенті Владимир Путиннің сөзін теледидардан тыңдап отырған адамдар. Киев, 18 наурыз 2014 жыл.
татарларының қасіреті де бар) бөлек, Мәскеудің тек орыс тілін қолдаған тілдік саясаты ең әлсіз этникалық азшылықтарға кері әсер етті.ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда, қазір Ресейде жоғалып кету қаупі төніп тұрған 131 тіл бар. Тілге жоғалу қаупі ол қолданыстан шығып, қолданатын адамдар саны шектеулі болғанда төнетіні белгілі. «Жоғалуға жақын тұрған» этникалық топтар тізімінде алеуттер, селькуптер, чулымдар, негидальдер бар.
4. «Совет Одағы ыдыраған кезде Ресей мінсіз көрші бола білді»
Негізінде Азов-Керчь акваториясы жөніндегі келіссөздер 21-ғасырға дейін созылып келеді. Украина нақты шекараның анықталуын талап етеді. Ал Ресей
Қырымда жүрген Ресей әскері. Симферополь, 4 наурыз 2014 жыл.
толық белгілемей, «ортақ пайдалануға» діттеп отыр. Келіссөздердің созылып кеткені соншалық, 2006 жылдың орта тұсында журналистер есептің 25-раундқа жеткенін хабарлаған.Екі ел арасындағы қайшылық 2003 жылы қайта ұшқындады. Ресей Керчь бұғазындағы Тузла аралында бөгет салмақ болғанда, Украина өз территориясына қол сұғылғанын хабарлаған. 2007 жылы Украина президенті Виктор Ющенко «Мәскеу советтік дәуірдегі әкімшілік шекараларды жаңа ресми шекара деп мойындайтын болса, келіссөздерге дайынбыз» деп мәлімдеген. Алайда Ресейдің сыртқы істер министрі Совет Одағында ешқандай әкімшілік шекаралардың болмағанын айтып, мәміледен бас тартты.
5. «Кремль 1990 жылы Германияның бірігуіне қолдау көрсетті»
Еуропада бұрынғыдан көлемді әрі қуатты Германияның құрылғанын қалағандар
СССР басшысы Леонид Брежнев пен ГДР басшысы Эрик Хонеккердің сүйісіп тұрған сәті бейнеленген граффити Берлин қабьрғасында тұр. (Көрнекі сурет)
шамалы болатын. Совет үкіметі де солардың қатарында еді. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыста Берлинге билігін орнатқан төрт жеңімпаздың бірі – Мәскеу біріккен Германияны НАТО-дан шығарып алып, ядролық арсеналын жойып, Совет Одағы мен Батыс арасында бейтарап буфер еткісі келді. (АҚШ керісінше біріккен Германияның НАТО құрамында қалуын қалады).1990 жылы Михаил Горбачев НАТО-ға қатысты ұстанымын жұмсартып, «Немістер өз жолдарын өздері таңдауы тиіс» деді. Бірақ мұнда «бірігуді қолдаудан» гөрі нақтырақ себеп бар еді. Шындығында Батыс Германия Совет әскерлерінің әкетілуі мен Кремльдің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға 30-50 миллиард доллар бөлген.
6. «2006 жылғы «Қызғылт-сары революциядан» кейін Виктор Ющенконың сайлануы заңсыз болды»
Украинада 2004 жылы 31 қазанда өткен президент сайлауында үміткердің ешбірі 50 пайыздан артық дауыс жинамаған. Бұндай нәтижеде заң бойынша алда келе
Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович (солдан екінші) елдегі наразылық асқынған уақытта өзінен бұрын президент болған Леонид Кравчукты (оңнан екінші), Леонид Кучманы (оң жақ шетте) және Виктор Ющенконы (сол жақ шетте) қабылдап отыр. Киев, 10 желтоқсан 2013 жыл.
жатқан екі үміткердің, яғни Виктор Ющенко мен Виктор Януковичтің арасында екінші раунд өткізілуі тиіс болатын. 21 қараша өткен екінші раундта Янукович 49,92 пайыз дауыс жинады. Алайда бұны халық алаяқтық деп бағалап, шерулер «Қызғылт-сары революцияға» ұласты.Сол жылы желтоқсанның 1-і күні Украина парламенті министрлер кабинетіне сенімсіздік вотумын жариялады. Алайда сол уақыттағы премьер-министр – Януковичтің келісімінсіз үкіметке шара қолдану мүмкін болмады. Екі күннен кейін Украинаның жоғарғы соты сайлау барысында болған алаяқтық көлемі нақты нәтижені анықтауға мүмкіндік бермей отырғанын мәлімдеді.
Желтоқсанның 21-і күні жоғарғы сот 21 қарашадағы сайлау нәтижесін жарамсыз деп жариялап, желтоқсанның 26-сына «үшінші раундты» емес, екінші раундты қайталап өткізуді ұйғарды. Бұл жолғы дауыс беру еркін әрі әділ деп бағаланып, Виктор Ющенко 52 пайыздық нәтижемен жеңімпаз деп жарияланған.
7. «Украина НАТО-ға кіріп жатыр»
Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк Путин бұл сөзді айтқан күні, наурыздың 18-інде: «НАТО-ға кіру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ» деп жауап қайырды.
Азаттық тілшісі Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан.