Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2 қараша күні Нью-Йоркта АҚШ боксшысы Кертис Стивенспен жекпе жек өткізді. Стивенс 2-раундта нокдаун алған соң Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмады. 8-раундтан кейін Стивенстің бапкерлері Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін мойындап, жарысты тоқтатуды сұрады.
Головкин vs Стивенс
![Кездесу Нью-Йорктегі Мэдисон Скуайр Гарденнің рингінде, Астана уақытымен 3 қараша күні сағат 9:00-де басталды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/034b89e4-5f81-4393-9379-33d058acb158_w1024_q10_s.jpg)
1
Кездесу Нью-Йорктегі Мэдисон Скуайр Гарденнің рингінде, Астана уақытымен 3 қараша күні сағат 9:00-де басталды.
![28 жастағы Кертис Стивенс кәсіпқой бокспен 2004 жылдан бері айналысады. Ол биыл тамыз айында мексикалық боксшы Сауль Романды бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/08200c4c-487f-4073-8d1e-faea083cb208_w1024_q10_s.jpg)
2
28 жастағы Кертис Стивенс кәсіпқой бокспен 2004 жылдан бері айналысады. Ол биыл тамыз айында мексикалық боксшы Сауль Романды бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
![Екінші раундтың соңына қарай Головкиннің соққысынан Кертис нокдаун алды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/57c4da5a-c310-4c6a-9f77-5d44bb9a2c68_w1024_q10_s.jpg)
3
Екінші раундтың соңына қарай Головкиннің соққысынан Кертис нокдаун алды.
![Төреші есеп ашып, санай бастады. жақтан тиген соққыдан есеңгіреп қалған Кертис жекпе жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5c3383f9-5e9b-40bf-9a3b-8542bdb63436_w1024_q10_s.jpg)
4
Төреші есеп ашып, санай бастады. жақтан тиген соққыдан есеңгіреп қалған Кертис жекпе жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді.
![Рингте басымдығын көрсеткен Головкиннің шабуылдарынан Кертис қорғанумен болды](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e268b1aa-f30a-4d85-a807-4ea8790bfbe4_w1024_q10_s.jpg)
5
Рингте басымдығын көрсеткен Головкиннің шабуылдарынан Кертис қорғанумен болды
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c59e643a-640e-46bd-9752-cd67c4321a38_w1024_q10_s.jpg)
6
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6e4feee2-2ebb-4e24-beee-f19b4839a1dc_w1024_q10_s.jpg)
7
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/279f0e6c-4513-4162-8ec2-a86be845104c_w1024_q10_s.jpg)
8
![12 раундтық жекпе жек 8-раундтан кейін аяқталды. Стивенс нокдауннан кейін Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмай жүрген соң, бапкерлері оның ары қарай бокстаспайтынын айтып, Геннадий Головкин бұл сайыста техникалық нокаутпен жеңіске жетті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8da32ab9-f590-4fa9-8c62-da8ad0349638_w1024_q10_s.jpg)
9
12 раундтық жекпе жек 8-раундтан кейін аяқталды. Стивенс нокдауннан кейін Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмай жүрген соң, бапкерлері оның ары қарай бокстаспайтынын айтып, Геннадий Головкин бұл сайыста техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
![Бұл - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 28-кездесуі. Бұған дейінгі сайыстардың бәрінде қарсыластарынан басым түскен қазақстандық боксшы осымен 25 сайысын уақытынан бұрын аяқтады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/86f71355-ca65-43f0-be2a-3b3850055742_w1024_q10_s.jpg)
10
Бұл - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 28-кездесуі. Бұған дейінгі сайыстардың бәрінде қарсыластарынан басым түскен қазақстандық боксшы осымен 25 сайысын уақытынан бұрын аяқтады.
![31 жастағы Геннадий Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) версиялары бойынша орта салмақ (49-72,5 килограмм) дәрежесінде бокстан әлем чемпионы атағын кезекті мәрте сақтап қалды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/59024ffc-5fbe-45c6-a61f-8861235f7992_w1024_q10_s.jpg)
11
31 жастағы Геннадий Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) версиялары бойынша орта салмақ (49-72,5 килограмм) дәрежесінде бокстан әлем чемпионы атағын кезекті мәрте сақтап қалды.