Азаттық тілшісі Шымкенттегі Covid орталыққа айналған №2 қалалық аурухананы аралап, науқастармен сөйлесті. Қазір онда жағдайы ауыр сырқаттар, вирус жұқтырған жүкті әйелдер мен жас босанған аналар емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, орталықта күніне орташа есеппен 5-7 адам қайтыс болады.
Шымкенттегі Covid орталығы жағдайы ауыр науқасқа толды
![Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың Covid орталыққа айналғанына бір ай толған жоқ. Қазір мұнда жағдайы ауыр науқастар, вирус жұқтырған жүкті әйелдер және жас босанған аналар емделіп жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/75a0be2d-b3f1-4072-b3fa-fe76831b3231_w1024_q10_s.jpg)
1
Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың Covid орталыққа айналғанына бір ай толған жоқ. Қазір мұнда жағдайы ауыр науқастар, вирус жұқтырған жүкті әйелдер және жас босанған аналар емделіп жатыр.
![Қақпадағы күзетшілер шамамен әр 5 минут сайын бірінен соң бірі келіп жатқан жедел жәрдем көлігін ішке кіргізіп тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/86bef848-4989-4b6f-850c-4751cabf6b52_w1024_q10_s.jpg)
2
Қақпадағы күзетшілер шамамен әр 5 минут сайын бірінен соң бірі келіп жатқан жедел жәрдем көлігін ішке кіргізіп тұр.
![Науқасты қабылдау бөліміне жеткізген соң жедел жәрдем көліктері қайтадан сыртқа шығып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7935767c-7b07-4d78-998e-fb45e98fe1d3_w1024_q10_s.jpg)
3
Науқасты қабылдау бөліміне жеткізген соң жедел жәрдем көліктері қайтадан сыртқа шығып жатыр.
![Жедел жәрдем көлігі мен орталықта жұмыс істейтіндерден бөгде адамдардың аурухана қақпасынан ішке кіруіне болмайды. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/07ebc455-a3e3-4fba-b0cf-0d4fe30dda3c_w1024_q10_s.jpg)
4
Жедел жәрдем көлігі мен орталықта жұмыс істейтіндерден бөгде адамдардың аурухана қақпасынан ішке кіруіне болмайды.
![Қақпаның бір бұрышында орталықта емделіп жатқан науқастардың аты-жөні, қай бөлімде жатқаны, дәрігерлердің есімі мен телефон нөмірі жазылған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bd9c6fa3-25a1-4634-bdfc-4447d944b25a_w1024_q10_s.jpg)
5
Қақпаның бір бұрышында орталықта емделіп жатқан науқастардың аты-жөні, қай бөлімде жатқаны, дәрігерлердің есімі мен телефон нөмірі жазылған.
![Тізімге қарағанда, 350 орынға шақталған ауруханада қазір одан көп сырқат жатқанға ұқсайды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dc4fa535-ae22-4577-b6fa-58c5d30787e4_w1024_q10_s.jpg)
6
Тізімге қарағанда, 350 орынға шақталған ауруханада қазір одан көп сырқат жатқанға ұқсайды.
![Қақпа сыртында науқастардың туыстары тұр. Ақ түсті арнайы киім киген кіші медицина қызметкерлері олардан ас-су, басқа да заттар салынған сәлем-сауқатты қабылдап алып, науқастың аты-жөнін жазып алады да, ішке кіріп кетеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7f78f6c0-a290-40e6-99c3-75f4e5dab794_w1024_q10_s.jpg)
7
Қақпа сыртында науқастардың туыстары тұр. Ақ түсті арнайы киім киген кіші медицина қызметкерлері олардан ас-су, басқа да заттар салынған сәлем-сауқатты қабылдап алып, науқастың аты-жөнін жазып алады да, ішке кіріп кетеді.
![Covid орталығында жатқан науқастарға жақын-жуығы әкелген сәлемдемені алып бара жатқан кіші медицина қызметкерлері.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a58e03c4-8662-403f-8d68-b678a920443e_w1024_q10_s.jpg)
8
Covid орталығында жатқан науқастарға жақын-жуығы әкелген сәлемдемені алып бара жатқан кіші медицина қызметкерлері.
![Аурухананың сырт жағында босаған оттегі баллонын көлікке тиеп жатқан адам. Орталықта жатқан науқастардың көбі оттегі баллонына қосылған арнайы аппараттың көмегімен тыныс алады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9b3c7c49-9e5c-4f2b-8322-3891753cc156_w1024_q10_s.jpg)
9
Аурухананың сырт жағында босаған оттегі баллонын көлікке тиеп жатқан адам. Орталықта жатқан науқастардың көбі оттегі баллонына қосылған арнайы аппараттың көмегімен тыныс алады.
![Оттегі баллондары тиелген жүк көлігі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d4d115c1-f4f6-40b2-aa6f-803631d51c39_w1024_q10_s.jpg)
10
Оттегі баллондары тиелген жүк көлігі.
![№2 қалалық аурухананың "Лас аймақ" деп аталатын бөлігіне қызметкерлер вирустан қорғайтын арнайы киім киіп қана кіреді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/04ab8f58-e45d-4a8e-b242-669fd830588d_w1024_q10_s.jpg)
11
№2 қалалық аурухананың "Лас аймақ" деп аталатын бөлігіне қызметкерлер вирустан қорғайтын арнайы киім киіп қана кіреді.
![Аурухананың шетінде жертөлеге түсетін есіктен "таза аймаққа" кіріп, арнайы киім киетін орынға өтеміз.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/79d63dc8-b50a-4a58-a02b-62f082aafb7c_w1024_q10_s.jpg)
12
Аурухананың шетінде жертөлеге түсетін есіктен "таза аймаққа" кіріп, арнайы киім киетін орынға өтеміз.
![Қабылдау бөлімінен ішке қарай кіретін есікке "Қызыл аймақ" деп жазылған қызыл түсті тақтай ілініпті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/923d5ae2-dd9e-4621-98f5-0b9cc8928c35_w1024_q10_s.jpg)
13
Қабылдау бөлімінен ішке қарай кіретін есікке "Қызыл аймақ" деп жазылған қызыл түсті тақтай ілініпті.
![Қабырғаға қосымша "Таза аймақ" және "Лас аймақ" деп жазып қойыпты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/20141fa5-b1b4-4b08-b195-489c2c1b54c6_w1024_q10_s.jpg)
14
Қабырғаға қосымша "Таза аймақ" және "Лас аймақ" деп жазып қойыпты.
!["Қызыл аймақтың" ішіне қарай өтіп, ұзын дәлізбен жүріп келе жатқанда еңсені басатын көңілсіздік сезіледі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8e37a1f8-af87-4824-ab78-94c119217acc_w1024_q10_s.jpg)
15
"Қызыл аймақтың" ішіне қарай өтіп, ұзын дәлізбен жүріп келе жатқанда еңсені басатын көңілсіздік сезіледі.
![Мейіргерлер науқастарды мүгедек арбасымен ары-бері тасып жүр. Арбадағы адамның өңі қашқан, сұп-сұр, не қызуы көтерілгендіктен қызарып кеткені байқалады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0026c5b3-a8e8-41d1-9f33-17179f4b1801_w1024_q10_s.jpg)
16
Мейіргерлер науқастарды мүгедек арбасымен ары-бері тасып жүр. Арбадағы адамның өңі қашқан, сұп-сұр, не қызуы көтерілгендіктен қызарып кеткені байқалады.
![Орталықта жатқан науқастарға сырт жақтан жақын-туысы беріп жіберген заттарды мүгедек арбасына салып, итеріп келе жатқан кіші медқызметкер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7c11af93-b324-4b87-8198-37b98eec88a4_w1024_q10_s.jpg)
17
Орталықта жатқан науқастарға сырт жақтан жақын-туысы беріп жіберген заттарды мүгедек арбасына салып, итеріп келе жатқан кіші медқызметкер.
![Орталыққа ауыр халде жеткізілген науқас көбейген соң қосымша жансақтау бөлімі ашылған. Дәлізге жағалай орналасқан он шақты бөлменің әрбірінде төрт адамнан жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/16be9cb7-053b-43ec-8e80-2cbfdfd0217e_w1024_q10_s.jpg)
18
Орталыққа ауыр халде жеткізілген науқас көбейген соң қосымша жансақтау бөлімі ашылған. Дәлізге жағалай орналасқан он шақты бөлменің әрбірінде төрт адамнан жатыр.
![Әр кереуеттің басында науқастың аты-жөні, туған күні, ауруханаға түскен уақыты мен өкпесінің қанша пайызы қабынғаны туралы мәлімет жазылған. Әр науқастың қасына жеке-жеке тыныс алу аппараты қойылған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/486c4e69-6bb6-4e51-bbfd-568077e93ea8_w1024_q10_s.jpg)
19
Әр кереуеттің басында науқастың аты-жөні, туған күні, ауруханаға түскен уақыты мен өкпесінің қанша пайызы қабынғаны туралы мәлімет жазылған. Әр науқастың қасына жеке-жеке тыныс алу аппараты қойылған.
![Ерлер мен әйелдер аралас жатқан бөлменің ішінен шыққан шиқылдаған аппарат дыбысы құлақты шыңылдатады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/23389347-0178-4b13-9500-d086a6a917d2_w1024_q10_s.jpg)
20
Ерлер мен әйелдер аралас жатқан бөлменің ішінен шыққан шиқылдаған аппарат дыбысы құлақты шыңылдатады.
![Оған қоса ырс-ырс етіп, дем жетпей қиналған адамдардың даусы денеңді түршіктіреді. Біз көрген науқастардың түгелге жуығы оттегі аппараты көмегімен тыныстап жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6199e9bd-fc1b-420f-9836-859ea34b4066_w1024_q10_s.jpg)
21
Оған қоса ырс-ырс етіп, дем жетпей қиналған адамдардың даусы денеңді түршіктіреді. Біз көрген науқастардың түгелге жуығы оттегі аппараты көмегімен тыныстап жатыр.
![Кей науқас ауа жетпей, өкпесі қысып, демала алмай қиналғаннан кереуетті ұрып жатыр. Сөйлеуге әлі жетпеген олар дәрігерлерді қолымен ымдап шақырады. Шалқасынан жатқан адам жоқ. Дәрігерлер "шалқадан жатуға болмайды, ауа жетпей қиналады, бір қырына не етпетінен жатқызатынымыз содан" деп түсіндірді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/285ee319-2fe9-4a74-91ff-24609b8dacb3_w1024_q10_s.jpg)
22
Кей науқас ауа жетпей, өкпесі қысып, демала алмай қиналғаннан кереуетті ұрып жатыр. Сөйлеуге әлі жетпеген олар дәрігерлерді қолымен ымдап шақырады. Шалқасынан жатқан адам жоқ. Дәрігерлер "шалқадан жатуға болмайды, ауа жетпей қиналады, бір қырына не етпетінен жатқызатынымыз содан" деп түсіндірді.
![64 жастағы Кенжетай Қалдарбековтің өкпесінің 60 пайызы қабынған. Қозғалса, сөйлесе жөтел қысып, ауа жетпей қалады. Өздігінен тыныстай алмайды. – Інім келін алып, құда күтіп едік. Құдалықтан кейін өзенге шомылдық. Содан кейін жөтел басталды. Үйде дәрі алып ішіп едім, қоймады. Ауылда үш адам ауырдық, – дейді ол.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2851f022-7ecc-461f-beda-940e69736504_w1024_q10_s.jpg)
23
64 жастағы Кенжетай Қалдарбековтің өкпесінің 60 пайызы қабынған. Қозғалса, сөйлесе жөтел қысып, ауа жетпей қалады. Өздігінен тыныстай алмайды.
– Інім келін алып, құда күтіп едік. Құдалықтан кейін өзенге шомылдық. Содан кейін жөтел басталды. Үйде дәрі алып ішіп едім, қоймады. Ауылда үш адам ауырдық, – дейді ол.
– Інім келін алып, құда күтіп едік. Құдалықтан кейін өзенге шомылдық. Содан кейін жөтел басталды. Үйде дәрі алып ішіп едім, қоймады. Ауылда үш адам ауырдық, – дейді ол.
![Қазір орталықта жатқан 364 сырқаттың 320-сы өздігінен тыныс ала алмайды, арнайы аппаратпен демалып жатыр дейді аурухана өкілі. Көбінің өкпесі 70 пайыздан 95 пайызға дейін қабынған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f3d80cdc-38e8-472e-8bb2-f268687bf2e1_w1024_q10_s.jpg)
24
Қазір орталықта жатқан 364 сырқаттың 320-сы өздігінен тыныс ала алмайды, арнайы аппаратпен демалып жатыр дейді аурухана өкілі. Көбінің өкпесі 70 пайыздан 95 пайызға дейін қабынған.
![72 жастағы Несібелі Байжанованың жансақтау бөліміне түскеніне он күннен асты. Әуелі бір апта үйінде емделген. Диабетпен ауыратын зейнеткердің қанты көтеріліп, өкпесімен қоса жүрегі қысып, асқазаны ауырған. "Балам коронвирустан қайтыс болды" дейді ол.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/65d065a8-4500-4a04-96d2-2ccaca9360bd_w1024_q10_s.jpg)
25
72 жастағы Несібелі Байжанованың жансақтау бөліміне түскеніне он күннен асты. Әуелі бір апта үйінде емделген. Диабетпен ауыратын зейнеткердің қанты көтеріліп, өкпесімен қоса жүрегі қысып, асқазаны ауырған. "Балам коронвирустан қайтыс болды" дейді ол.
ПІКІРЛЕР