Азаттық тілшісі Шымкенттегі Covid орталыққа айналған №2 қалалық аурухананы аралап, науқастармен сөйлесті. Қазір онда жағдайы ауыр сырқаттар, вирус жұқтырған жүкті әйелдер мен жас босанған аналар емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, орталықта күніне орташа есеппен 5-7 адам қайтыс болады.
Шымкенттегі Covid орталығы жағдайы ауыр науқасқа толды
![Дәрігерлердің айтуынша, орталықта жатқан науқастар өздігінен тұрып, жүре алмайды. Орнынан тұрса басы айналып, құлап қалуы мүмкін.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3ecb88a6-9198-4705-9afa-396bc6e86f83_w1024_q10_s.jpg)
26
Дәрігерлердің айтуынша, орталықта жатқан науқастар өздігінен тұрып, жүре алмайды. Орнынан тұрса басы айналып, құлап қалуы мүмкін.
![– Емханаға хабарласпай, үйінде 5-6 күн емделген науқастардың өкпесі 95 пайызға дейін қабынған. Бізге жағдайы аса ауыр науқастар жеткізіледі. Былайша айтқанда, өлім аузында жатқан адамдар. Мысалы, 5 тамызға қараған түні 7 адам қайтыс болды, – дейді №2 қалалық аурухана бас дәрігері қызметін уақытша атқарушы Асқар Рахматәлиев Азаттық тілшісіне.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9d21a250-c12b-4e5a-a283-602606eacd4d_w1024_q10_s.jpg)
27
– Емханаға хабарласпай, үйінде 5-6 күн емделген науқастардың өкпесі 95 пайызға дейін қабынған. Бізге жағдайы аса ауыр науқастар жеткізіледі. Былайша айтқанда, өлім аузында жатқан адамдар. Мысалы, 5 тамызға қараған түні 7 адам қайтыс болды, – дейді №2 қалалық аурухана бас дәрігері қызметін уақытша атқарушы Асқар Рахматәлиев Азаттық тілшісіне.
![Дәрігерлер кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің саны күрт көбейгенін айтады. Ондаған әйел ауруханаға жатқызылған. Коронавирус жұқтырып, жас босанған әйелдердің балаларынан вирус анықталмаған. Орталықта жүкті әйелдер мен жас босанған аналар жатқан арнайы бөлім бар. Онда перзентханадағыдай жас сәбидің жылаған дауысы естілмейді. Есігі ашық тұрған бөлмелерден бала кереуеті мен оның жанында жатқан анасы көрінеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d32d4b64-06ae-4885-bfc9-7ba4dbcef7b4_w1024_q10_s.jpg)
28
Дәрігерлер кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің саны күрт көбейгенін айтады. Ондаған әйел ауруханаға жатқызылған. Коронавирус жұқтырып, жас босанған әйелдердің балаларынан вирус анықталмаған. Орталықта жүкті әйелдер мен жас босанған аналар жатқан арнайы бөлім бар. Онда перзентханадағыдай жас сәбидің жылаған дауысы естілмейді. Есігі ашық тұрған бөлмелерден бала кереуеті мен оның жанында жатқан анасы көрінеді.
![Ділбар Ташмұхаммедованың бойына бала біткеніне 35 апта болған. Ауырғаннан кейін алғашында үйінде ем қабылдап, демала алмай ауруханаға түскенде өкпесінің 72 пайызына зақым келгені анықталған. Қазір өкпесінің 92 пайызы қабынған. – Салқын су ішіп қойдым. 10 күн үйде емделдім. Жөтелдім, қызуым көтерілді. Қазір ыстығым жоқ, бірақ ауа жетпей жатыр, – дейді ол.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/35066d1b-355a-4e90-8b0a-3a4e0348dcee_w1024_q10_s.jpg)
29
Ділбар Ташмұхаммедованың бойына бала біткеніне 35 апта болған. Ауырғаннан кейін алғашында үйінде ем қабылдап, демала алмай ауруханаға түскенде өкпесінің 72 пайызына зақым келгені анықталған. Қазір өкпесінің 92 пайызы қабынған.
– Салқын су ішіп қойдым. 10 күн үйде емделдім. Жөтелдім, қызуым көтерілді. Қазір ыстығым жоқ, бірақ ауа жетпей жатыр, – дейді ол.
– Салқын су ішіп қойдым. 10 күн үйде емделдім. Жөтелдім, қызуым көтерілді. Қазір ыстығым жоқ, бірақ ауа жетпей жатыр, – дейді ол.
![Дәрігерлер ай-күні жақындаған жүкті әйелдерді арнайы аппаратпен тексеріп, құрсағындағы нәрестенің жүрек соғысын тыңдап жүр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3fcf0ad6-a2c0-4a38-93e0-74074bf1168e_w1024_q10_s.jpg)
30
Дәрігерлер ай-күні жақындаған жүкті әйелдерді арнайы аппаратпен тексеріп, құрсағындағы нәрестенің жүрек соғысын тыңдап жүр.
![Жүкті әйелдерге арналған жансақтау бөлімінде үш әйел жатыр. Бірі – өкпесінің 48 пайызы қабынып, дене қызуы көтеріліп, алты күн бұрын айы-күні жетпей тұңғышына босаныпты. Бірақ сәбиін әлі көрмегенін айтады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ff78f1f0-63a2-4937-ae79-2d843c251933_w1024_q10_s.jpg)
31
Жүкті әйелдерге арналған жансақтау бөлімінде үш әйел жатыр. Бірі – өкпесінің 48 пайызы қабынып, дене қызуы көтеріліп, алты күн бұрын айы-күні жетпей тұңғышына босаныпты. Бірақ сәбиін әлі көрмегенін айтады.
![Азаттық тілшісі орталықтан сыртқа шыққан кезде аурухана жанындағы есіктен кіші медқызметкерлердің бірі орталықтан емделіп шыққан адамды шығарып салды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1402a942-b6ed-4ec1-80e9-e66a64dd84f8_w1024_q10_s.jpg)
32
Азаттық тілшісі орталықтан сыртқа шыққан кезде аурухана жанындағы есіктен кіші медқызметкерлердің бірі орталықтан емделіп шыққан адамды шығарып салды.
![Ал аурухана алдында науқастарға келген адамдар жиналып тұрды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/568ef178-c64b-4bae-8b82-3363b09119f8_w1024_q10_s.jpg)
33
Ал аурухана алдында науқастарға келген адамдар жиналып тұрды.
![№2 қалалық ауруханада жатқан науқасқа сәлемдеме әкелген адамнан оны қабылдап тұрған кіші медицина қызметкері.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3e3cf087-f34d-451f-a1cc-1e8a4557e04f_w1024_q10_s.jpg)
34
№2 қалалық ауруханада жатқан науқасқа сәлемдеме әкелген адамнан оны қабылдап тұрған кіші медицина қызметкері.
![Орталық дәрігерлері бірінен соң бірі толассыз келіп, кезекте тұрған жедел жәрдем көлігінен науқастарды түсіріп, қабылдап жатты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dd67ec90-da7e-4345-841e-b7f064568b66_w1024_q10_s.jpg)
35
Орталық дәрігерлері бірінен соң бірі толассыз келіп, кезекте тұрған жедел жәрдем көлігінен науқастарды түсіріп, қабылдап жатты.
![№2 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жаңа науқастарды әкеліп жатқан жедел жәрдем көліктері. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b281fc01-ab93-41b1-84c7-db69c3d4f90a_w1024_q10_s.jpg)
36
№2 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жаңа науқастарды әкеліп жатқан жедел жәрдем көліктері. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.
![Індеттің өршуіне байланысты "күрең қызыл" аймаққа енгізілген Шымкентте қазір күн сайын жүздеген адамның коронавирус жұқтырып алғаны анықталып жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/36512683-3655-49c5-8ca7-03fa36bebfba_w1024_q10_s.jpg)
37
Індеттің өршуіне байланысты "күрең қызыл" аймаққа енгізілген Шымкентте қазір күн сайын жүздеген адамның коронавирус жұқтырып алғаны анықталып жатыр.
ПІКІРЛЕР