24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр. 2017 жылы қыркүйекте Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Әзиз әл Сауд елде әйелдердің көлік жүргізуіне құқық беретін жарлыққа қол қойған.
Саудиялық әйелдердің көлік жүргізуге дайындығы
![Дахран қаласындағы көлік жүргізуді үйрететін орталықта әйелдер көлік моторындағы майдың деңгейін тексеріп жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/aa66d42b-3c70-483e-9d8e-312fab6f24bf_w1024_q10_s.jpg)
1
Дахран қаласындағы көлік жүргізуді үйрететін орталықта әйелдер көлік моторындағы майдың деңгейін тексеріп жатыр.
![Орталықта оқып жүрген әйелдердің бірі компьютер арқылы көлік жүргізуді үйреніп отыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/065f8e1b-1451-4256-8f52-7381a5fa7315_w1024_q10_s.jpg)
2
Орталықта оқып жүрген әйелдердің бірі компьютер арқылы көлік жүргізуді үйреніп отыр.
![Дахрандағы орталықтағы инструктор Ахмал әл-Сомали көлік жүргізуді үйреніп жүрген әйелмен әңгімелесіп отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b4d5467a-6345-4e4c-8d3e-1dbf31d19358_w1024_q10_s.jpg)
3
Дахрандағы орталықтағы инструктор Ахмал әл-Сомали көлік жүргізуді үйреніп жүрген әйелмен әңгімелесіп отыр.
![Инструктор жол белгілерін түсіндіріп жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f2187ea8-b56e-43c4-972a-96e831836819_w1024_q10_s.jpg)
4
Инструктор жол белгілерін түсіндіріп жатыр.
![Орталықтағы көлік жүргізу сабағы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3c29989c-8a70-4425-abbe-779ba254d170_w1024_q10_s.jpg)
5
Орталықтағы көлік жүргізу сабағы.
![Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын. Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0b2efb28-5621-44fa-bfa1-ba78532f13a8_w1024_q10_s.jpg)
6
Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын. Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді.
![Әйердердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5847fa5c-e525-4374-af6a-c0b0d2a6f357_w1024_q10_s.jpg)
7
Әйердердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.
![Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман өткен жылдан бері елде ауқымды реформалар бастаған. Елде әйелдерге көлік жүргізуге, стадионға кіруге рұқсат беретін заң қабылданған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/02a3ceac-aa84-407c-b6ca-32f4816835c5_w1024_q10_s.jpg)
8
Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман өткен жылдан бері елде ауқымды реформалар бастаған. Елде әйелдерге көлік жүргізуге, стадионға кіруге рұқсат беретін заң қабылданған.
ПІКІРЛЕР